29 сәу, 2020 сағат 10:20

Талдықорғанда ұлан сарбаздары өртенген үйден газ баллондары мен бір адамды алып шықты

Талдықорғанда ұландықтар өртенген үйден екі газ баллон мен ауа жетпей қысылған адамды алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өрт 28 сәуірде сағат кешкі 20.10-да Талдықорғанда болған. Қала көшелерін патрульдеп жүрген Ұлттық ұлан 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері шағын аудандардың бірінен өртенген үйді байқайды. Ұландықтар бұл туралы дереу әскери жасақтар бойынша кезекшіге, оқиға туралы өрт сөндіруші бригадаға хабарлап, шұғыл өрт шыққан үйге жеткен. Жағдайды бағамдаған патрульді топ қызметін бақылаушы лейтенант Абай Дәулеткелдинов көмекке жақын жердегі үш әскери жасақты шақырған. Әскери қызметкерлер бірлесе аталған үйдің иесіне өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жауды ауыздықтауға көмектеседі. 

Өртке оранған үйге кірген ұландық Абай Дәулеткелдинов үйде ауа жетпей тұншығып жатқан адамды дереу сыртқа шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.