01 мам, 2020 сағат 16:32

Талдықорғанда тәулігіне 500 тонна майлы дақыл өңдейтін зауыт ашылды

Бүгін Талдықорғанда тәулігіне 500 тонна майлы дақыл өңдейтін, жалпы құны 5,8 млрд. теңге болатын жаңа зауыт ашылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпорынның салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, мемлекет және қоғам қайраткері, Халық қаһарманы, Еңбек Ері Сергей Терещенко және белгілі кәсіпкер Темірхан Досмұхамбетов қатысты. 

«Индустриалды аймақтың табысты жұмыс істеуіне жергілікті билік барлық жағдайды жасады. Жарығы бар, суы, газы, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар. Енді тек қана кәсіпорындар салып, өнім шығару керек. Біз бұдан әрі қоспа жем өндірісін, жеміс сүрлеу зауытын құруды жоспарлап отырмыз. Ал бірінші кезеңінде бүгін өсімдік майын шығаратын зауыт аштық, күнбағыс пен рапстың дәнін өңдейміз. Осы жағдайды пайдаланып, индустриалды аймққа жаңа зауыт салуға шақырамын, жаңа жұмыс орындарын бірге құрып, отандық өнім өндіруге атсалысайық», - деді С.Терещенко.