#
#
Сенбі 15/08/2020

Талдықорғанда коронавирусты екі аптада 75 адам жұқтырды

  • 30.05.2020
  • 0
  • 308

Алматы облысында COVID-19 жұқтырған тағы 23 адам тіркелді. Оның 10-ы Талдықорған қаласында анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сондай-ақ Қапшағай қаласында – 8, Қарасай, Панфилов, Алакөл аудандарында – бір-бір жағдайдан және Текелі қаласында 2 науқас тіркелді.

14 адам – коронавирус диагнозы қойылған науқастармен байланыста болғандар, 9-ының індеті профилактикалық тексеру барысында анықталды.

Барлығы бұған дейін оқшауландырылған. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда.

30 мамырдағы жағдай бойынша жалпы Алматы облысында инфекция жұқтырған 349 адам тіркелген. Оның 180-і індеттен жазылып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында коронавируске шалдыққан алғашқы науқас 21 наурызда анықталды. Ол кезде Меккеден ұшып келген Қарасай ауданының 1986 жылғы тұрғыны денсаулығына шағымданып, дәрігерлерге хабар берген еді. Алынған сынама коронавируске оң нәтиже көрсеткен.

Ал Талдықорғанда індет 14 мамырда тіркелді. Елімізде төтенше жағдай жарияланған сәтте вирустан аман болған облыс орталығында қазір карантин жалғасып, санитарлық бекеттер жұмыстарын жалғастыруда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар