18 қар, 2022 сағат 14:01

Талдықорғанда ер адам 12 жастағы қызға тиіспек болған


Талдықорғанда белгісіз ер адам 12 жастағы қыздың артынан аңдып, тиіспек болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оқиға 16 қарашада болған. Бала зардап шекпеген.

"Бұл дерек бойынша күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Арнайы іс-шаралар қалалық полицияның күшімен жүзеге асырылып жатыр, оларға облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері де қосылды.

Тергеу жүргізіліп жатыр, іс Жетісу облысы ПД-ның ерекше бақылауына алынды", - делінген хабарламада.