13 мам, 2020 сағат 17:33

Талдықорған-Үшарал -Талдықорған рейсі іске қосылды

«Жетісу» әуекомпаниясы« АҚ-ның кестесіне сәйкес бүгін Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағытындағы ұшу рейсінің маусымы басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алғашқы рейсте Л-410 УВП-Е20 ұшағымен ұшқан жолаушылар Алакөл ауданына қарасты «Үшарал« әуежайына келіп қонды.

Қазіргі карантин режиміне байланысты әуежайда санитарлық талаптар қатаң сақталған.

Ұшып келген жолаушыларға барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Алакөл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері тарапынан тепловизормен дене қызулары өлшеніп, анкета толтырылып отырады.

Әуежайда бетперде киіп жүру режимі қатаң сақталған.

Бүгінгі күнге Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағытындағы ұшақтар күнделікті сағат 10.00-11.00, 10.30-11.30 уақыттарында қатынайды. Билет құны 8.000 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан - Үшарал- Нұр-Сұлтан және Алматы-Үшарал-Алматы бағыттарындағы әуе рейстері ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап ұшады.