28 там, 2016 сағат 20:58

Тағы да "моңғол" атауы жайында

Шыңғыз хан мен оның құрған мемлекеті мәселесі әлем зерттеушілері ең көп қалам тартқан тақырып саналады. Бұл тарихтағы кісілер мен ру-тайпа аттары түркше, әсіресе қазақ тіліне жақын болғаннан кейінгі кездері біздің зерттеушілердің де жазғандары молайды.

Алайда олар Шыңғыз хан басшылығымен 1206 жылы құрылған мемлекеттің «түрктігін» айта келе: «Көптеген түрк  руларын  бағындырып  ел қылған «моңғол» атты («сол маңайда көшіп жүрген саны аз тайпа») халық, Шыңғыз хан – моңғол болған» – деген тұжырым айтады. Ондаған түрк руларын, хандықтарын бір ғана моңғол деген тайпа бағындырып, мемлекет соның атымен аталған болса бұған қазақ (түрк) зерттеушілері (халқы) несіне шаттануға тиіс?! Бұл, керсінше, түрк нәсілін қорлайтын жай емес пе!? Сондықтан, бұл тарихпен көптен таныс болсам да, түрктік сөз-атауларды көре тұра бұл тарихқа қалам тартпаған едім. Әйтседе, осы тарихқа  қатысты бұрын-соңды жазылған бірталай еңбектермен таныса жүре  «моңғол» атауы туралы өз пікірім пайда болып, бұл этностың емес, 1206 жылы шығыс түрк тайпалары Шыңғыз ханның басшылығымен құрған одағының, мемлекетінің атауы болған деген тұжырымға келдім. Сөйтіп 2008 жылы бастаған «Ғасырларға жалғасқан жаңсақтық» (орысшасы «Заблуждение, длившееся веками») атты кітабым 2013 жылы баспадан шықты. Кітап тараулары 2010 жылдан бері он шақты газет-журналдарда, интернетте жарияланды. Дегенмен «моңғол» атауы алғаш рет қашан тарихта көрінді, бұл атаудың мағынасы не деген сұрақтар әлі де толастамай отыр. Сондықтан кітабымда баян еткен дәлелдерімді толықтыруды жөн көрдім.

Моңғол деген халық 1206 жылы кенеттен пайда болып, жарты әлемді 20-ақ жылда жаулауы мүмкін емес деп есептеген зерттеушілер «моңғол этносына» деректі 1206 жылдан арғы, ерте тарихтан іздеуде. Л.Гумилев «Хунну» кітабында: «Хунно-сянби – смешанные роды в Халхе в Чахаре; этнический субстрат, на базе которого вследствие более поздних пассионарных толчков возникли тюркские и монгольские этносы Великой Степи в VІ-ХІІ вв. н.э.»,– деп жазыпты. Иә, хуннулар империясы ыдырағаннан кейін ол өлкеде 552 жылы Түрк қағанаты пайда болғаны мәлім.

  Түрк қағанаттарын құрушылар жайында қытайдың ескі деректерінде төрт рет кездеседі екен. «Сүйшу», Жыушу»  кітабтарында: «Түріктің арғы атасы Пиңлианда аралас-құралас жүрген хулардан», «Түрк Үйінің ата-бабасы «Ашина» деп аталатын Хунну Үйінің бөлек бір бұтағынан», «Түрк – сиуңнудың бір тұқымынан»; «Түрктің тегі сиуңнулардың теріскейіндегі Со мемлекетінен шыққан» делінген. Түрктің, әрине, түрк текті халықтан шығатыны заңды. Сондықтан, көптеген деректерге сүйенген зерттеушілер сиуңнуларды (ху, хунну) түрк текті халық деп отыр. Хуннулармен бір мезгілде мемлекет құрған қаңлылар мен үйсіндер де түрктер екені белгілі. Мысалы жаңа жыл сануға дейінгі 53 жылы пайда болған Солтүстік сиуңнулардың Жыжы шәниүйіне Қангүйдің билеушісінен  Үйсіндерді  екі елдің біріккен күшімен жаулап алуға ұсыныс жасаған елші келгені қытай деректерінде бар. Сондықтан қытайдың төрт дерегін «бүкіл түрк текті халықтар сиуңнулардан тараған» деп түсінбеу керек. Бұл қытай деректері тек 552 жылы Түрк қағанатын құрушылар жайлы ғана баян еткен. Түрк қағанатымен бір кезеңде Түргеш, Қырғыз, Отыз татар, т.б. түрк текті елдер болғаны Көлтегін, Тоныкүк ескерткіштерінде де жазылған.

Сөйтіп, Гумилевтің «возникли тюркские и монгольские этносы» деген сөзіндегі  түрк атауына қатысты деректер баршылық екен. Ал «VІ ғасырдан моңғол этносы да пайда болды»  дегенді неге сүйеніп айтқаны белгісіз, бұған еш дерек таппадық. «Шыңғыз хан заманы кезінде, оған дейін де сол өлкеде моңғол деген тайпа, халық болыпты» – деуші  өзге зерттеушілер де өз пікірлеріне ешбір дерек келтірмеген. Түрк жазба ескерткіштерінің  анық оқылғандарының ең көнесі саналатын 716 жылы тұрғызылған Тоныкүк, 732 жылы тұрғызылған Көлтегін, т.б. ескерткіш жазуларында да «моңғол» сөз не кісі, ел атауы ретінде мүлде кездеспейді.

1074 жылы жазылған «Диуани лұғат ат-Түрк» еңбегінің «Түрк халықтары мен тайпалары жайында» тарауында Махмұт Қашқари: «Түрктер тегінен 20 тайпалы. Олар барлығы Тәңірі әзіз көрген Нұқ пайғамбардың ұлы Иафас және Иафастың ұлы Түркке барып тіреледі... Әрбір түрк тайпасының қаншама ұрық-шәріптері бар, олардың саны ұлы Тәңірінің бір өзіне мағлұм. Мен бұлардың түптамырлары мен ана тараптарын жаздым. Ру-аймақтарын тастадым... Мұсылман болсын, болмасын мейлі. Рұм өлкесі жанынан Күншығысқа қарай кеткен рет бойынша, біртіндеп, шығыстағы тайпалардың орналасқан жайларын көрсетіп өттім. Рұм өлкесіне бәрінен жақын орналасқан тайпа бешенек; одан қалса қыпшақ, оғыз, иемек, башғырт, басмыл, қай, иабақу, содан татар, содан қырқыз тараптары. Қырқыздар Шынға жақын жайласқан. Бұл тайпалардың барлығы Рұм өлкесі жанынан шығысқа қарай осы ретпен созылып жатыр. Содан, шігіл, тохсы, иағма, ұғрақ, жарұқ, жомыл, ұйғыр, таңғұт, хытай. Қытай өлкесі «Шын» деп аталады. Одан соң, табғаш, оны «Машын» дейді. Бұл тайпалар Женүп пен Шимал арасында тұр. Олардың орналасқан орындарын осы шеңберлі картада бір-бірлеп көрсеттім», дейді.

Ал «Түрк тілдері туралы» тарауында: «Жапарқалықтар (жапондықтар) шалғай алыста орналасқандықтан, Машын мен олардың арасын ұлы теңіздер бөліп тұрғандықтан олардың тілі бізге белгісіз, білінбейді.

 Шын мен Машын халықтарының тілдері бөлек, айырмалары болса да, шахарлықтар түрікше жақсы біледі.  Бізге жазған хат-хабарларын түрк жазуымен жазады. Сондай-ақ, арада ұзақ алыстық және Шын иініндегі тау, теңіздер болғандықтан Иәжүж бен Мәжүжлердің тілдері бізге мәлім емес.Түбүттердің бөлек тілі бар... Ұйғырлардың тілі түркше, әйтсе де, өзара бір-бірімен тағы бір түрлі өзгеше тілмен сөйлеседі. Кітаптың бас тарапында көрсетілген жазумен жазады. Ұйғырлар мен шынәлықтардың бұдан басқа тағы бір жазулары бар. Ол жазуды мұсылман болмаған ұйғырлар мен шынәлықтардан басқалар оқи алмайды... Сахара-қыр халықтарына жататын жомылдардың тілі бөлек бір тіл болып, олар түркшені де бек жақсы біледі. Қай, иабақу, татар, басмыл тайпалары да сондай»,– деп жазады(ауд. А.Егеубай).

Батыстағы Рум мен Рус жерінен бастап, Жапондарға дейінгі мұсылман және мұсылман емес халықтардың бәрін  бірнеше рет тізіп жазғанда М.Қашқари «моңғол» деген халықты я тайпаны атамаған. Тіпті, түрк екендігі күмәнсіз, сол өлкені мекендеп хандық құрып отырған Жалайыр, Найман, Керейіт, Меркіт, Қияттарды да атамайды. Өйткені М.Қашқари да шығыстағы түрктердің баршасын олардың ІІ ғасырда, сәнбилермен одақтасқан кезде қабылдаған бірлестігінің атауымен «татар» деп көрсеткен.

Көптеген зерттеушілер «моңғол» атауының жазба деректегі алғаш көрінуі деп табғаштар құрған Тан мемлекеті (618-907 ж.ж.) туралы жазылған «Цзю Тан шу» кітабындағы («Ескі Тан тарихы», 945 ж.) «мэнъу шивей» делінген, толықтырылған «Синь Тан шу» («Жаңа Тан тарихы», 1060 ж.) нұсқасындағы «мэнва»  («К югу от реки находится кочевье мэнва») делінген  сөздерді  санап келеді. Бұл атаулар осы екі кітаптың шивей халқының тайпалары жайындағы тарауында баян етілген.«Цзю Тан шу»:«Шивэйліктер қидандардың жеке бір бөлігіне жатады. Олар Наоюэхэ өзенінің (Амур өзеніне құйатын Зея өзені) солтүстігін мекендейді. Олардың иеліктері астанадан (Чанъань) солтүстік-шығысқа қарай 7 мың ли жерде. Шығыста хэйшуй мохэ (шүршіттердің ескі атауы.Х.Қ-Т)жеріне дейін, ал батыста туцзюлермен(түрктермен.Х.Қ-Т), оңтүстікте қидандармен шекаралас, солтүстіктегі жерлері теңізге жетіп тіреледі.  Олардың  жерлерінде  ортақ  бір  билеуші  жоқ. Тек мохэдо деп аталатын ірі көсемдер бар. Солар қоныстарды басқарады,  алайда бәрі түрктердің бодандығында. Біздің Тан әулетіне  бағынышты тоғыз шивей тайпасы бар» – делініп, екі кітапта да шивейдің 19 тайпасы аталады: «Линси, шаньбэй, хуантоу, дажучжэ, сяожучжэ, пово, нобэй, лодань. Бұлар Лючэннің  солтүстік-шығысын мекендейді. Жақыны 3 мың ли, қашығы 6 мың лиден астам  жерде  тұрады.  Ең  батыста қоныстанғаны (кочевье) усуги тайпасы. Олар хуэйхэлермен (ұйғырлармен)  шекараласып, Цзюйлунь көлінің оңтүстік-батысында орналасқан. Көлдің шығысындаисаймо, ал оның шығысында сайхэчжи орналасқан. Олардан да шығысқа қарай  хэцзе, улоху, нали, линси тайпалары қоныстанған. Олардың солтүстігінде  нобичжи тайпасы тұрады. Осы қоныстың солтүстігіндегі үлкен таудың арғы жағандағы Шицзяньхе өзенінің жағасында да шивейлер(ұлық, үлкен шивейлер) тұрады. Бұл өзен Цзюйлунь көлінен бастау алып, ирелеңдей шығысқа қарай ағады. Өзеннің оңтүстігінде менва қонысы, одан солтүстікте лотань қонысы орналасқан. Осы өзен шығыста Нахэ және Хуханьхэ өзендерімен қосылады да хэйшуй мохэ(шүршіттер Х.Қ-Т) жерінің  ортасымен ағып шығыстағы теңізге құяды», – делінген. («Ескі Тан тарихында» әлгі тұс: «далее на востоке течет к северу от мэнъу шивэй  и к югу от лоцзу шивэй» – деп жазылған).

Ал, шивэй халқының (тайпаларының) тұрмыс-салты жайында: «Ұсақ қоныстарда мың, ірі қоныстарда бірнеше мың үй болады, олар өзен аңғарларында шашырап орналасқан. Ағашты ұштап соқа жасайды. Жер жыртқанда соқаны адамдар сүйрейді. Егістерінің өнімі өте төмен. Өйткені жерлерінде ауа-райы көбіне суық, жазда тұман мен жаңбыр, қыста қырау мен қар болады... Күйеуі өлген әйел екінші рет тұрмысқа шықпайды. Әр қоныста бірлесіп үлкен балаған жасайды да, соған өлікті қойып, үш жыл аза тұтады... Олардың жерінде алтын мен темір аз болғандықтан металдардың көп бөлігі Гаолиден (Корея) әкелінеді... Ыстық әрі ылғалды жаз айларында олар батыстағы Дайбо мен Цаньдуй тауларына көшеді. Мұнда маса көп болғандықтан, олардан құтылу үшін адамдар ағаштарда ұялар жасап, сонда тұрады... Көбінесе өгіз жегілген арбамен жүреді. Арбаға талдан өрілген (циновка) үй орнатылады. Үйді терімен немесе ағашты иіп өрген тоқымамен(циновка) жабады... Шивэйлерде қой болмайды, жылқы аз, алайда мүйізді ірі-қара ұстайды. Үлкен шошқалар асырап, етін жейді, ал терісін илеп киім тігеді, үй жабуға қолданады. Тілдері мохэ тайпасымен (шүршіт) бірдей», – деп жазылған.

Тан тарихының екі нұсқасындағы осындай деректерге түсініктемесінде орыс зерттеушілері: «Этнонимы мэнва и мэнъу, как справедливо считают большинство ученых, транскрипция слова «монгол», и это является первым достоверным упоминанием о монголах», «Если этноним «монгол» происходит от названия шивэйского кочевья мэнъва, или мэнъу, этодает веское основание относить шивэйцев к монголам, к которым должны принадлежать ивсе этнически родственные к шивэйцам племена» – деген тұжырымдар жасайды. (Осы пікірді өзгелердің қайталау себебі – о баста зерттеушілер «Тан тарихтарында» «мэнву» я «мэнъу» деген халықтың нендей оқиғаға  байланысты  жазылғанын түсіндірмей, кітап тарауынантек «мэнву», «мэнъу» атауларын үзіп беруден де болар).

«Моңғол» атауы жайлы«екінші дерек» дегенорыс тарихшылары:«Более ранние по сравнению  с Рашид-ад-Дином сведения о монголах, живших в этом районе, имеются и в сочинении Е  Лунли «Циданьгочжи»: «Прямо на севере земли  киданей доходят до владения Мэнгули. В этом владении нет правителя, который бы управлял народом. Население не занимается земледелием, [основным] занятием является охота. Люди не живут постоянно на одном месте, а кочуют в каждый из четырех сезонов года в поисках хорошей травы и воды. Пищей служат только мясо и кумыс. С киданями не воюют, а лишь торгуют с ними изделиями из шкур и шерсти крупного рогатого скота, овец, верблюдов и лошадей», –  деп,  осы «мэнгули» мен Рашид ад-Дин жазған «моңғолды» бір халық етіп көрсетпек болады. Ал Е ЛунЛи бастапқыда өзен тұнғыстары жайынбаяндайды да, артынша қидандардың солтүстік-батысындағы түрктер туралы (астын сыздық!) айтып кеткенін көреміз.(ХХ ғасырда көп орыс зерттеушілері де осылай етеді). Шындығында, Оңтүстік Сундық Е Лун Ли бұл еңбегін 1180 ж., Қидан мемлекеті (1125 ж.) құлағанынан жарты  ғасырдан кейін жазған, өзі ол өлкелерде болмаған екен.

Енді «Тан тарихының» екі нұсқасында айтылған мэнъу я мэнву тайпаларын1310 жылы жазылған Рашид ад-Дин «Жамиғ ат-Тауарих» баянымен салыстырып көрелік.

1. Орыс, т.б. батыс елдерінің зерттеушілері «Тан тарихындағы» шивейдіңмэнъу (мэнву) тайпасын «моңғол» десе, ал Рашид ад-Дин: «Монгольские  племена  были  одной из групп общей массы тюркских племен, их облик и речь сходны между собою» (І т. 1 кіт. 153 б.) деп, моңғолды түрк тайпаларының бірі дейді;

2. Рашид ад-Дин кітабында Қиян мен Нүкіс бастап Ергене қонды  төрт жарым ғасыр қоныстап шыққан тайпалар туралы «Упоминание о тюркских племенах, прозванием которых в давнее время было монголы» («Моңғол» деген лақабы болған түрк тайпалары туралы) деп тізіп жазған16«моңғол» тайпаларының ешбірінің атауы «Тан тарихындағы» шивейлік тайпалардың атымен сәйкес келмейді. Сондай-ақ, Шыңғыз хан шыққан Нирун тайпасы туралы  4-бөлімнің 2-тарауын «Упоминание о тех тюркских племенах, которых называют нирун» деп, «моңғол» сөзін мүлде жазбаған. Осы, 19 Нирун  тайпаларының да атаулары «Тан тарихындағы» шивейлік тайпалармен еш сәйкеспейді.

3. «Тан тарихтарында»  шивейлік тайпалардың ортақ басшысы жоқ екені айтылған. Ал Рашид ад-Дин де, өзге тарихшылар да «моңғолдардың» түп-тегі Түрк,  бабасы ретінде Қиян (Қият) аталса (қытай деректерінде Хунну мемлекетінің князі Хуянь), Ергенеқоннан «моңғолдарды» бастап шыққан  руы  Қоралас-қият  Бөрте ашуннан (асқан, өткен, алғашқы, алаш)  бергі Шыңғыз ханның 22 атасының есімдері, олардың өз тайпаларына басшы болғаны да шежірелерден белгілі.

4. Тан тарихнамаларында шивейліктердің елшілері 629 жылдардан келіп тұрғаны жазылған: «...они прислали послов, поднесших в дань соболей с густым мехом. В добавочной 12-й луне 8-го года эры правления Чжэнь-юань (792) шивэйскийглавно-управляющий  Хэцзежэсу во главе десяти человек явился ко двору. В 12-й луне 9-го года  (835) от шивэйцев прибыло ко двору 30 человек во главе с ДашэнДуачэном. В эру правления Сянь-тун (860-874) шивэйский  вождь Дале и сисцы прислали в столицу послов, но, так как шивэйцы были незаметными инородцами, последующие историки не оставили о них записей». Ал осы елшілер мен халық басшыларының есімдері Шыңғыз ханның «моңғолдары» жайындағы кітаптардың ешбірінде кездеспейді.

5. «Тан тарихындағы» шивейліктер мен Шыңғыз хан халқының салт-дәстүрі, тіршілігі де екі басқа – шивейлер қой малын ұстамайды, жылқыны аз өсіреді, ал сиыр мен доңызды көптеп өсірсе, Шыңғыз хан халқы қой мен жылқыны көп өсіріп, сиырды аз, ал доңызды мүлде асырамаған;1220-1221 жылдары Мұқалидің ( бұл арабтың «әли, ғали» сөзінен емес,  алтай тобы тілдеріне ортақ «мұқалған» сөзінен, мағынасы – домалақ кісі)  ордасында болған Оңтүстік Сун елшісі Чжао Хун«Мэн-да бэй-лу» еңбегінде: «У татар земли изобилуют водой и травой и благоприятны для овец и лошадей. Это является [их] средством к существованию. Дома или вне дома [татары] пьют лишь кобылье молоко или режут овцу на продовольствие. Поэтому в их стране у кого есть одна лошадь, непременно есть шесть-семь овец. Следовательно, если [у человека] сто лошадей, то [у него] непременно должно быть стадо из шестисот-семисот [голов] овец», деп жазған;шивей әйелі ері өлсе, қайта тұрмысқа шақпайды, ал Шыңғыз ханның әкесі қайтыс болған соң шешесінің тұрмысқа қайта шыққаны белгілі; шивэй елінде темір аз болса, ал Ергенеқоннан Қият, Қоңыраттардың, т.б. «моңғолдардың» темір тауды балқытып шыққаны, сол күнді жыл сайын «қызған темірді төске салып балғамен соғып тойлайтын дәстүрі» бары белгілі. Теміршің деген атының мағынасы «ұста» екенін кітабымда дәлелдегенмін. Осы айтылған салыстырулар  «Тан тарихтарындағы» менъу, менву моңғол атауына еш қатысы жоқ екенін дәлелдесе керек. Шындығында, «Тан тарихтарындағы» шивэйлер өзен халықтары. Деректер оларды «доңызды көп  өсіретіндігі үшін «тұңғыс» атанған», – дейді.

Шивейлік менъу тайпасы  туралы үшінші рет қытай тарихшылары 1206 жылы Шыңғыз хан басшылығымен шығыс түрік тайпаларының мемлекеті құрылғаннан соң қайта сөз еткен.Чжао Хун еңбегінде: «В старину существовало государство Монгус (түпнұсқада«мэн-гу-сы»). Цзиньские разбойники воевали с ними. Впоследствии же [цзиньские разбойники] дали [им]  много золота и шелковых тканей и помирились с ними. Как говорится в «Чжэн-мэнцзи» Ли Ляна: «Монголы (түпнұсқада «мэн-жень») некогда переменили период  правления на Тянь-син и [их владетель] назвал себя «родоначальником династии и первым просвещенным августейшим императором» ([Я], Хун, часто расспрашивал их [об их прошлом] и узнал, чтомонголы (түпн. «мэн») уже давно истреблены и исчезли»,– дейді.

Ли Синь-чуаньнің «Цза-цзи» еңбегінде де: “Существовало еще какое-то монгольское государство (түпн. «мэн-го»). Оно находилось к северо-востоку от чжурчжэней. При Тан его называли племенем мэн-у. Цзиньцы называли его мэн-у,мэн-гу. Эти люди не варили пищи. Могли видеть ночью. Они из шкур акулы  делали латы, которые могли защитить от шальных стрел. С начала [годов правления]  Шао-син (1131-1162) они начали мятежи... Их владетель также незаконно назывался «первым августейшим императором-родоначальником»...Они были давно... Теперь татары называют себя Великим монгольским государством («Да мэн-гу го»), и поэтому пограничные чиновники именуют их [сокращенно] мэн-да («моңғол-татар» атаулырын қысқартып айтқандары. Х.Қ-Т). Но эти два государства отстоят друг от друга с востока на запад в общей сложности на несколько тысяч ли. Неизвестно почему они объединены под одним именем», –  дейді.

Оңтүстік Сун тарихшысы Хуан Чжен «Гу-цзинь цзи-яо и-пянь» (1256ж.) шығармасында: «Существовало еще какое-то монгольское государство.  Оно находилось к северо-востоку от чжурчжэней. Во времена цзиньского Ляна [оно] вместе с татарами причиняло зло на границах. Только в четвертом году нашего [периода правления] Цзя-дин (1211-1212 жж.) татары присвоили их имя и стали называться «Да Мэн-гу го»– деп жазған.   

Академик В.П.Васильев(1818-1900):«Дан-цзинь-го-чжи» утвердительно говорит, что народ  менъву жил на северо-востоке от чжурчженей, и что это совсем не тот, который сделался после и известен под именем монголов, которые жили на северо-западе. Таким образом, народ менъву был тоже маньчжурский; он обитал на устье Амура, где мы и ныне находим имя мангуны, насколько известно из рассказов путешественников, говорящих маньчжурским  языком, а слово мэнгу означает на их языке реку, и однородно с современным маньчжурским словом мукэ», – деген еді.

     Шынымен де,Амур, Уссури өзендері бойын мекендейтін тұңғыс тайпасы Ульч бүгін де «маңгусал», ал Нанайлар «мәмғү, маңбу», деп аталуда. Тұңғыс тілінде қазір де Амур, Уссури, Сунгари сияқты  үлкен  өзендер «маңгү,  маңму», ал кішірек өзендер «маңгуқа(н)», деп аталады. Мағынасы – Қазақстандағы Жем-Эмба, Орта Азиядағы Аму-дария атауларындағыдай «ем, ему, жем» – асыраушы. Мұны «Тұңғыс-манжұр тілдерінің салыстырмалы сөздігінен» («Сравнительный словарь тунгусо-маньчжурских языков» Ленинград. Наука. 1975) көруге болады:

МАМҢУ  река Амур.

Негидал мамңу, мамгу, маму - р. Амур.

Ороч мәңгиди, маңгудна – амурская сторона;  маңгу 1) река; 2) река Амур.

Удэй маңму, манғу  1). реки Амур, Уссури, Сунгари; 2). Хор, Бикин, Самргин диалект. - нанаец; 

Ульч  маңғу 1) река (большая); 2) устар. река Амур; маңгуқа(н)  речка.

Орок. маңға – река; маңғұ – река Амур; мәмғұ, маңбұ - нанаец; маңгусал – ульчи. Нанаймаңбо, маңбу, маңу 1) река (большая); 2) река Амур.

МЭМЭ – мама. Солон  мэмэ – мама; Нанай мэмэ -1. грудь, соски, вымя; 2) грудное молоко. Маньчжур.мэмэ, мэмэнэ, мэмэ+энэ – мать, кормилица, мамка; мэмэ +ама – отец 1) муж кормилицы; 2) переносн. кормилец. Якут. мәмә – соска, рожок (для кормления ребенка молоком).

«Біз, татарлар!..»

Шыңғыз хан  мен  оның халқы жайлы зерттеушілер жауланған Цзинь жерін (Солтүстік Қытай) басқаруға  қойылған Мұқалидің ордасында 1220-1221 жылдары  болған Оңтүстік Сун елшісі Чжао Хунның «Мэн-да бэй-лу» шығармасымен таныс болуға тиіс. Ол: «Я, Хун, лично замечал, как их временно замещающий  императора го-ван Мо-хоу каждый раз сам называл себя “мы, татары”; все их сановники и командующие [также] называли себя “мы, да-да жэнь”(«біз, татар адамдар» Х.Қ-А.). Они даже не знают, являются ли они монголами (мен гу) и что это за название» – деп жазған.Сондай-ақ: «Племена [татар] происходят от особого рода  ша-то. Их  имеются три рода: черные, белые и дикие.Нынешний император Чингис, а также все (его] полководцы, министры  и сановники являются черными татарами» – дейді.

(П. Пельо: “...китайцы в начале XIII в. часто называли настоящих монголов, монголов Чингис-хана, хэй-да „черные татары”, а онгутов обозначали именем бай-да или бай да-да „белые татары” – дейді. Оңғыттар қазіргі қазақ руы Уақ деп саналады. Ендеше татарлардың ағы да, қарасы да түрк рулары).

    Чжао Хунның жазғанынан байқалатыны:

– руы жалайыр Мұқали (және оның нөкерлері) өздерін «біз татарлар» деуі – «татар»ол кезде (кей жағдайда қазір де) нақты бір тайпаның ғана емес, шығыс түрк руларының бірлестігінің атауы екенін көрсетеді. («Жами ат-тауарих»: «Другие тюркские роды, при всем различии  их разрядов и названий, стали известны под их именем и все назывались татарами» (І т. 2 кіт.102 б.). Біз кітабымызда ортақ «татар» атауы ІІ ғасырда, сиуңну (хунну) мемлекеті ыдырап, көптеген шығыс түрк рулары сәнбилермен бірлескен кезден пайда болды деп шамаладық);

– жалайыр Мұқали және күллі шығыс түрктерінің 1206 жылдан «моңғол» аталуы бұның да жеке тайпаның емес, бірлестік (мемлекет) атауы екенін көрсетеді.Чжао Хунның: «Они даже не знают, являются ли они монголами (мен гу) и что это за название» – деуі Шыңғыз хан халқының әлі жаңа атауға үйренбегенін, КСРО тарқағаннан соң біразға дейін ТМД атауына үйрене алмаған біздің күйді кешкенін аңғарамыз – егер Шыңғыз хан халқы «Тан тарихтарында» 945 жылы жазылған мэнву болса  Мұқали ордасындағылар бұл атауды 1220 жылдары жақсы білген болар еді, өздерін «татармыз» демес еді. «Моңғол» (менгу ел) атауын білмеу себебі оның жуырда, 1206 жылғы құрылтайда қабылдануынан (Ли Синь-чуань «Цза-цзи» кітабында: “Когда монголы (мэн-жэнь) вторглись в государство Цзинь, [они] назвали себя Великим монгольским государством (Да мэн-гу го). Поэтому пограничные чиновники прозвали их Монголией (Мэн-гу)” – деуі жаңа атаудың көрші елдерге 1211 жылдан бастап қана белгілі бола бастағанын білдіртеді);

Қорыта айтсақ, Тан мемлекеті, т.б. қытай тарихнамаларындағы «менъу» – өзендік шивэйлер, бүгінгі тұңғыстың ульч, нанай тайпаларының ата-бабалары. Олардың тайпалық атауының 1206 жылы шығыс түрктері құрған «Еке Менгу ел» (қытайша «Да мен гу го», қазіргі тілімізбен Ұлы Мәңгі ел) мемлекетінің де, халқының да атауына еш қатысы жоқ. (Го – қытай тілінде «ел», «мемлекет» сөзі, орыстың «(го)сударство» сөзі осыдан).

«Моңғол» емес, «Мәңгі ел» екен

«Ғасырларға жалғасқан жаңсақтық» кітабында жазған осы тұжырымыма кей зерттеушілерден  «Мәңгі ел» атауы бұрын да айтылған» деген пікір естимін. Ия, Л.Гумилевтің, татар зерттеушісі Р.Безертиновтың кітабынан «Түрк қағанатының  атауы «Вечный ель» болыпты» дегенін, оны Қ.Салғараұлы «Мәңгі ел» деп аударып«Ұлы қағанат»кітабында: «Түрктердің 552 жылы жыужәндарды талқандап, өздерінің мемлекетін «Мәңгі ел»  атағаны баршаға аян» (166-б.) – деп жазғанын оқығанмын.

Осы зерттеушілер «Түрктер өз қағанатын «Вечный ель»(«Мәңгі ел») атаған» деп қай дерекке сүйеніп жазып жүр екен?» деп іздеп, Көлтегін «кіші жазуының» 8-жолында: «Өтүкен иыш олүрсар беңгү ел тұта олыртачысың»  деген  сөйлемді  көргенмін.  «Бенгу ел» сөзін орыс  шығыстанушылары  «вечный племенной союз» (С.Малов), ««вечныя племена обитающия» (В.Радлов, П.Мелиоранский), қазақ зерттеушілері Қ.Сартқожа, М.Жолдасбеков, Ғ.Айдаров, М.Мұхитденов, «мәңгі ел», А.Аманжолов «вечное государство» – деп аударған екен. Көне түрк жазба ескерткіштеріндегі мәтіндермен таныса келе «мәңгі ел» Түрк қағанаттарының атауы болыпты деген нақты дерек табылмағанымен, мәңгі ел құру шығыс түрктерінің арманы, идеясы болғандығы анықталды.

Хара Даван кітабында  Шыңғыз  ханның іс-әрекеттерін «означало намерение восстановить древнюю монголо-тюркскую империю ХІ века» деуі маған:«1206 жылғы  құрылтайға қатысқан Жалайыр, Қият, Керейіт, Найман, Қырғыз, Ойрат, т.б. түрк тайпалары өздерін VI-VIII ғасырлардағы Түрк қағанатының мұрагері санағандықтан бабаларының мәңгі ел құрмақ идеясын жаңа бірлестігінің (мемлекет) аты ретінде қайта жаңғыртқан болар?» – деген ой келді.(«Мәңгі» сөзі «беңгу» (бәңгі) түрінде Көлтегін «кіші жазуында» бірнеше рет кездеседі: 12-жол: «Бұны көрүң-білің бенгу таш тоқыттым», 13-жол: «Еріг йерте бенгү таш тоқыттым» (Ерулеген жерде мәңгі тас тұрғыздырттым). 1069 жылы жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасында:  «еraz qot tilek  arzu mengu  tile», – деген сөйлем бар).

Бұрын-соңды айтылған – моңғол этносын тұңғыстың менгу, менву тайпасына телу, сөз мағынасын жужан мемлекетін  құрған Шэлуньнің (402-410 жж.) атасы саналатын солтүстік Вэй елінің Мугулюй  деген  адамның аты деу, Рашид ад-Дин  «Жами` ат-Тауарихта» (1310 ж.): «Слово же монгол сперва звучало «мунгол», то-есть «бессильный» и «простодушный», Әбілғазы «Түрк шежіресінде» (1663 ж.): «Мұңғұл»  сөзі «мұң» және «ол» деген сөздерден шыққан. «Мұңның» мағынасы қайғы екенін барша түрк біледі, – деуі, Т.Әбенайұлы  кітабында:  «Маң» – түрк тілдерінде жүру, жылжу мағынасын білдіреді. Оған «құл» сөзі жалғанып «маңғұл» атауы шыққан», – деуі, Санан Шешенгесүйенген академик Г.Шмидтің:«Монг» значит «непокорный, неустрашимый», деп «мөңку» сөзінен шығаруы, Д.Банзаровтың мұны теріс деп: «Оно разлагается на мон-гол, «река Мон», –деуі,Қ.Данияров, Ә.Тарази, Е.Құрманбаев, т.б. «мың қол», башқұрт академигі Кузиев пен Ө.Жолымбетовтің: «Моңғол» этнонимінің шығу тегі «мың қол» емес, «мың құл» сөзіне байланысты» деуі, Қ.Салғараұлының «мың құл»я «мұңды құл» деген пікірлері көңліме қонбаған.

Сондықтан, менің санама Тәңірінің салғаны  – жұрттың сан-саққа жүгіртіп жүрген «моңғол» атауын  Көлтегін ескерткішіндегі «бенгу ел» (мәңгі ел) сөзімен салыстырдым. Әрі қарай зерттеу барысында Шыңғыз хан заманында «моңғол»  этностың атауы болмаған, бұл – шығыс түрктері 1206 жылы құрған мемлекеттің атау деген тұжырымға келгенмін.

Қазақ руларын «моңғол»,  «тұңғыс» ататқызып қоямыз ба?!

Қазақ елін құрған  рулардың  көпшілігінің  ХІІІ-ХІV-ғасырларға  дейінгі тарихы Алтай тауының арғы жағында өткендіктен Қиыр Шығыс елдерінің тарихы да назардан тыс қалмауы керек. Сондықтан неше жылдан бері мен «Батысты Шығысым етуді» азайтып, Шығысты шығысыма айналдырғанмын.1125 жылы Қидан мемлекетін жойып қазіргі Қытайдың солтүстігін алған, іле Оңтүстік Сун елімен соғыс бастаған Цзинь (Алтын) империясына солтүстіктен шабуылдаған, тіпті  салық төлеттірген менъу тайпасының күшеюі қай жылдары болғаны, оларды басқарып, өзін «августейший император» деп жариялаған өзен тұңғысы кім екенін анықтамақ болдым.

Қытай құжаттарынан кездесетін шивейлік мэнъу атауын түгелдей дерлік орыс аудармашылары «монгол» деп бұрмалап жазатынын көрген соң: «Шіркін, қытай тілін біліп,  түпнұсқадан оқыса ғой!» – дегенмін. Сөйтсек, ол елде де биліктегі әулет ауысқан сайын, келесісі комиссия құрып, бүкіл өткендегі тарихи  жазбаларды  редакциялайды екен. 135 тараудан тұратын «Цзинь тарихы» Қытайды Шыңғызхан әулетінің  соңғы қағаны Тоған Темір билеген 1344 жылы жазылыпты. Алайда оны 1634 жылы Қытайды екінші рет жаулап «маньчжур» атанған Цин әулеті кезінде арнайы комиссия античжурчжендік тұстарын алып тастап 1644 жылы қайта шығарыпты. Орысшаға Г.М.Розов (1808-1856) аударған «Аньчун гурун» (История Золотой империи) сол маньчжур нұсқасы екен. Түзеп-күзелген оны түпнұсқада оқығаннан да пайда жоқ екен. Бұл туралы түсіндірмеде «четко нацеленное на восхваление деяний предков – чжурчжэней, а также их вождей и на “утверждение величия маньчжурского народа” – делініпті. Сондықтан манжұр нұсқасынан цзиньдіктерге қарсы өзен тұңғыстарының соғысын кездестірмедік.

Цзинь империясы туралы өзге де бірқатар зерттеулерде өзен тайпаларымен соғыс  жайы айтылмаған.Соғыстың болған мезгілі туралы Оңтүстік Сун (қытай) тарихшылары Ли Синь-чуань «Цза-цзи» еңбегінде: «С начала [годов правления] Шао-син (1131-1162) они начали мятежи», ал Хуан Чжен: «Во времена цзиньского Ляна (1150-1161) [оно] вместе с татарами причиняло зло на границах» –делінген.

«Известия о народах  нижнего Амура и Сахалина в исторических документах XIII-XIV вв.» кітабына Кіріспе мақаласында О.Ю.Дедяхин: «Северо-восточными пограничными соседями  чжурчжэньской империи являлисьплемена удэгай и цзилими, проживавшие на Нижнем Амуре и Сахалине. Последние нередко отождествляются с предками удэгейцев и нивхов. В какой степени зависимости находились они от цзиньцев, из источников, опубликованных в нашей стране, почти ничего не известно, за исключением того, что племена удэгай в XII в., по меньшей мере, дважды поднимали мятеж и против них в начале эры правления Тянь-хуй (1123-1134 гг.) посылалась карательная экспедиция императорской гвардии, спустившаяся на судах вниз по течению р. Хуньтунцзян (т. е. нижнему течению рек Сунгари и Амур), – депті.

М.Воробьевтің «Чжурчжени и государство Цзинь» кітабында (Москва. 1975. 117 б.) Цзинь империясының 1141 жылы Оңтүстік Сун мемлекетімен келісім жасау себебі  жайын: «Важным обстоятельством, среди прочих склонившим чжурчжэней к заключению мира, оказалось обострение ситуации на северных границах империи. Здесь жили многочисленные и по своему нраву еще более воинственные, нежели чжурчжени, племена мэнгу (монголы). Некогда чжурчжены и мэнгу были союзниками в борьбе с киданями, но с падением Ляо между ними наметилось соперничество. Мэнгу постоянно вторгались в северные пределы Маньчжурии, и ни цепь укреплений на границе, ни посылка подарков не служили достаточной гарантией безопасности границы. Наконец, в 1136 г. Цзинь послала в эти края большую военную экспедицию, которая воевала долго и упорно, но в результате сопротивления мэнгу и недостатка припасов была вынуждена вернуться. На обратном пути в 1139 г. она была разбита. В этом же году к мэнгу  со своими соратниками бежал сын казненного чжурчженского вельможи Далая, и это еще больше усилило позиции мэнгу. Чжурчжени посылали на север 80-тысячную армию под командованием известного полководца Учжу. Однако  добиться  больших успехов он  не смог, и через несколько лет – в 1147 г. был заключен мир. После этого вождь мэнгу провозгласил себя императором и даже взял  собственный девиз годов правления, правда просуществовавший всего один год. Несмотря на заключение мира, столкновения продолжались еще несколько лет, но затем сведения о них прекращаются»,–деп жазады, «Тан тарихтарындағы» мэнъу, мэнву  атауларын «мэнгу» деп өзгертіп және бұл атауды «монголы» – деп түсіндіріп.Ал кітаптың осы соғыс кезіндегі Цзинь империясының экономикасы жайындағы тарауында тіптен «монгол» деуге көшеді: «В 1146 г. во время монгольской экспедиции в Цзинь существовало три вида армейского довольствия: гарнизонное, полевое, боевое». (Розов аударған «Цзинь тарихының» 1139 жыл оқиғаларында Далань деген цзиньдік бас қолбасшының Сун мемлекетінің жансызы болғандықтан өлтірілгені айтылады. Даланьнің баласы мэнъу жеріне осы кезде қашқан сыңайлы).

Осы мысалдардан орыс зерттеушілері мен аудармашыларының  Шыңғыз хан құрған мемлекеттің «Менгу ел» атауын қалайша бұрмалап «монгол» деген этнос атауына айналдырғанын көреміз. М.Воробьев кітабының 328-332  беттеріндегі – тұңғыс мэнъу тайпасы мен Шыңғыз  хан халқының тарихын араластырған қойыртпақты түсіну мүлде мүмкін емес. Әлгінде ғана цзиньдіктердің солтүстігіндегі халықты «мэнгу (монголы), монголы» – дей тұра, енді батысындағы халықтуралы да: «Собственно монгольская группа племен, ставшая ядром будущего объединения, во второй половине ХІІ в. обживала бассейны  рек Орхон и Керулен; джалаиры жили в долине р.Онон, тайчжиуты – в долинх рек Онон и Селенга, кереиты – в долинах рек Орхон и Тола, найманы – между Хангайским и Алтайским хребтами, татары – у озер Буир-Нур, мерктиы – в бассейне р. Селенги» – деп Қычановтан сілтеме келтіреді. Бұл «монгол» дегені түрк тайпалары екенін әр қазақ біледі. Бірақ Воробьев былай деп жалғастырады: «Наше рассмотрение мы начнем с мэнгусы (мангуцзы, мэнгу, мокоши) то-есть с монголов. «Да цзинь го чжи» сообщает фантастические сведения о народе мангуцзы, наделяя последних ростом в восемь футов, способностью видеть за несколько десятков ли даже мелкие предметы, объясняя это свойство тем, что они не ели горячего, а питались одним сырым оленьим мясом. В период установления династии цзиньцы вербовали у мэнгусы солдат, но нарушили условия оплаты».«Мэнгусы (мангуцзы, мэнгу, мокоши)» атауларына: «Последний этноним употреблен в «Цзинь ши» вместо мэнгу или мэнъу, вероятно, для маскировки неприятных для монголов фактов их прошлого, вчастности подчинения  Цзинь на заре их истории» – деп Чан Хок-лам еңбегіне сілтеме жасайды. Міне, осылайша Жалайыр, Керей, Найман, Меркіт, Татар сияқты түрк тайпалары мэнгусы (мангуцзы, мэнгу, мокоши) аталып шыға келеді!

М.Воробьев әрі қарай: «Около 1135 г. вождь монголов Хабул-хан (предок Чингиса) присутствовал на коронации Си-цзуна и в честь его был устроен пир. Боясь усиления Хабул-хана цзиньский император поручил своим людям схватить вождя на обратном пути, но они погибли в схватке. Этот эпизод повлек за собой убийство в 1137 г. цзиньских послов и неудачную экспедицию против монголов», – деп, зерттеуші Тоямааға сілтеме жасайды. Одан кейінгі: «Хутула-хан, сын Хабул-хана, разгромил цзиньского вождя и вернулся с богатой добычей» – деген сөйлем Шыңғыз хан туыстары жайында, ал асты сызылған сөйлем және «Мир был заключен лишь в 1147 г. явно в пользу монголов: была установлена новая граница между двумя народами, 27 чжурчжэньских крепостей к северу от этой границы передавались мэнгу, чжурчжени снабжали их ежегодно баранами, коровами и хлебом.Чжурчжени могли конторолировать в этих местах лишь горные проходы, но это не препятствовало мэнгу совершать набеги на цзиньские земли. Во время этих набегов чжурчжени откупались рабами, драгоценностями и тканями. Позднее монголы стали захватывать в плен киданских и китайских женщин и вступать с ними в брак», – дегені тұтастай тұңғыстар туралы.

Осылайша М.Воробьев чжурчжендердің солтүстігіндегі тұңғыс мэнъу (мэнву) тайпасын, батысындағы, келешекте, 1206 жылы ғана «Меңгу ел» алатын түрк тайпаларымен әбден шатастырып біткен.Сөйте тұра М.Воробьев өзі: «Интересно, что источники ХІІ в. не считали мэнгу (дұрысы: мэнъу, мэнву) родичами монголов.Они указывали, что мэнъу находятся на востоке, а монголы – на западе и их разделяют несколько тысяч ли», – дейді. Шынымен де; «Тан тарихтарында»: «Шивэйцы...  на юге граничат с киданями», «Кидани живут к югу от р. Хуаншуй. На востоке они граничат с Гаоли, ...на севере – до земель шивэйцев» – десе,Чжао Хун: «Земли, на которых впервые возвысились татары  расположены к северо-западу от (земель) киданей», – деген.

Ли Синь-чуань «Цза-цзи» кітабында: «В период процветания государства Цзинь были созданы северо-восточное вербовочно-карательное управление для обороны от монголов (түпнұсқада мэн-у) и  Кореи и юго-западное вербовочно-карателыюе  управление для контроля над территорией татар и Си Ся (танғұт)», – делінген. Хуан Чэн мэнъу тайпасы туралы: «Существовало  еще какое-то монгольское государство. Оно находилось к северо-востоку от чжурчжэней. Во времена цзиньского Ляна [оно] вместе с татарами причиняло зло на границах», – деуі де бұлардың екі түрлі халық екенін, Цзинь империясына екі тұстан шабуылдағанын көрсетеді. (1739 жылы жазылған «Мин тарихындағы»:  «Ойраты – монгольское племя и находятся к западу от татар» – сөйлемі: «Татарами в минских источниках назывались восточные монголы» – деп түсіндірілген).

«Шүршіттермен соғысқан Амур, Уссурийдегі балықшымэнъу халқы қалайша Орталық Азияға көшіп келіп моңғол-татар болып, жарты ғасыр өтпестен малшылықпен айналысатын  дала  халқына айналып кеткен?» – деген сұрақтарға айтарымыз –  ол заманда екі халық та өз орындарында болғанына дәлелдер жетерлік. Мысалы, 1135 жылы  батысындағы  «моңғол» Қабыл хан цзиньдіктерге тойға барған кезде, олар  солтүстігіндегі «мэн-у»-лармен соғысып жатқан. Мэнъу (нанай, ульч), т.б. тұңғыстар бұл өлкеге көшсе, ол  кейіннен, 1636 жылдары чжүрчжендердің «манжұр» атанып Қытайды екінші рет жаулаған кезде болған жағдай. Қазіргі Моңғолия халқының тілін түсінбейтініміз содан.

Сонымен, қолымызға түскен ешбір құжаттан өзін «император» деп жариялаған Мэн-у халқының басшысының есімі кездеспеді. Ал М.Воробьев айтқан «1135 жылы Цзинь императорында қонақта болған Қабыл ханның мэнъутұңғысы емес, руы Қият Шыңғыз ханның атасы екені белгілі. Рашид ад-Дин «Жами ат-Таурихында» Қабыл ханның сол тойда билеп жүріп Цзинь императорының сақалын тартып ойнағаны, сол үшін артынан қуғыншы жіберіліп, оларды Қабыл ханның әйелдері, келіндері, үй қызметшілері сабап өлтіргені кеңінен баяндалған. Осы оқиғадан соң көп ұзамай Қабыл ханның аурудан қайтыс болуы да оның өзін «император» деп жарияламағанын білдіреді.

О. Ю. Дедяхин мақаласында: «Стоит ли удивляться тому, что после даманских событий Г.В. Мелихов в своей специальной работе по северо-востоку Монгольской империи употребит слово “Амур” лишь однажды, в скобках, а в фундаментальной (и, пожалуй, одной из лучших в российской ориенталистике) монографии М.В. Воробьева  загадочным образом исчезнут даже упоминания о пограничных соседях империи Цзинь на северо-востоке (летописных племенах цзилеми и удигай) давно всем известных», – деуі, отарындағы ұлттардың тарихын, батырларының атын ұмыттыру мәселесінде КСРО мен Қытай үкіметінің цензуралары бірдей «қырағы»болғанын көрсетеді. Мэнъу көсемінің атын атауға да, біздің Кенесарыға сияқты, «табу» салынғаны байқалады.

АкадемикВ.П.Васильев моңғол сөзінің мағынасы жайында: «Монголыдочингисовской эпохи ничего общего не имели с теми монголами, название которых встречается в китайских источниках в различных транскрипциях, и транскрипция мэн-гу, отличная от всех прежних и употреблявшаяся в отношении монголов Чингис-хана, означает в буквальном переводе “получивший древнее” («мәңгі». Х.Қ-Т) и является только названием династии Чингис-хана, которое было принято последним в подражание китайским императорам», (В.П. Васильев, «История и древности», 159-161-б.) – дегенін кітабымда жазған едім. Сәл анықтап айтайын – «Тан тарихтарында» да, өзге қытайша құжаттарда да өзен халқы «мэнъу», «мэнву» делінген, ал Шыңғыз хан мемлекеті, халқы «Да Мэн гу го» (Ұлы Менгу ел) деп жазылған. Екеуін шатастырмалық.

1905 жылы Ресей империясының Думасына қазақ халқының да өкілдері кірмек болғанда Марков деген сенатор:«Бұлар Шыңғыз ханның, Темірланның тұқымдары, абай болуымыз керек!» деген екен. Бөтен елдер баяғыдан біліп отырған шындықты  қазақтардың өзі мойындағысы келмей, руы Қият Шыңғыз ханды «моңғол» деп ытырынуда. Ал шетел зерттеушілеріне салсақ қазақ руларын (Жалайыр, Найман, Керей, т.б.) «моңғол» дегенімен қоймай, енді тұңғыс (доңыз) тайпасы етіп шығарғанын көріп отырмыз.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды», – деп ас бергенімізбен, ата-бабаларымыздың аруағын риза қылудағы ең үлкен сауап іс – олардың тарихта атқарған еңбектерін насихаттау, өзгелерге иемденгізбеу болса керек. Өзге елдің бақай-есеп тарихшыларына ренжу бекершілік.Тарихымыздағы  ақ-қараны  әуелі өзіміз  мойындауымыз қажет. Ендеше менің осы тақырыптағы  пікірлерім жазылған «Ғасырларға жалғасқан жаңсақтық» және «Русский язык древнетюркский?» атты кітаптарымды (екеуін де 2013-2014 жж. ҚР Ғылым академиясына, ҚР Тарих институтына, ҚР Президентіне бергенмін) тиісті ғылым мекемелері талқыға салып, дұрыс я бұрыс екенін анықтап, оқулықтарға енгізер уақыт жетті. Өйткені ата-бабаларымыздың ұлы істерінің шындығын білу халқымыздың бүгініне де, келешегіне де керек маңызды мәселе.

Хасен ҚОЖА-ТҮРК,

"Жұлдыз" журналы