23 жел, 2024 сағат 13:57

Тағы бір ел TikTok-тан бас тартты


Фото: epravdacom.ua


Албания билігі TikTok әлеуметтік желісін пайдалануды жоқ дегенде бір жылға шектейді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді, деп хабарлайды  Ult.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл шектеу 2025 жылдың басынан бастап күшіне енеді.


"Біз оны бір жылға жабамыз, оқушылардың біліміне қызмет ететін және ата-аналарға балаларының дамуын бақылауға көмектесетін бағдарламаларды енгізуді бастаймыз", – деді Албания премьер-министрі.


Әлеуметтік желіні бұғаттау туралы шешім мектептердің бірінде болған қайғылы оқиғадан кейін қабылданды. Қараша айында 14 жасар оқушы төбелес кезінде қаза тауып, тағы біреуі түрлі жарақат алды. Тергеу барысында оқиғаның себебі әлеуметтік желідегі жанжал екені белгілі болды.