03 мам, 2020 сағат 13:18

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға көмектесу үшін арнайы қор ашылды

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға көмектесу үшін арнайы қор ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі мәлімет таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желіде Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсету бойынша жалған қорлар құрылып, қаржы жиналып жатыр. Бұл фактімен Ішкі істер департаменті айналысуда. Қиын жағдайға ұшыраған мақтааралдықтарға қолдау білдіруші қайырымды азаматтар үшін төмендегідей қордың жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз» делінген хабарламада.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры. 

Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А 

БСН: 100440016000

Кбе 18, КНП – 119,

«Halyk Bank» АҚ

ИИК: KZ886010001000002491

БСК HSBKKZKX