Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Италияның Триест қаласында Токио олимпиадасына іріктеу турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ойындар 19-24 қаңтар аралығында өткізіледі. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Грекия, Венгрия және Израиль құрамалары. Қазақстандық спортшылар 19 қаңтарда Грекиямен шеберлік байқасса, 20 қаңтарда Венгриямен ойнайды. Ал 21 қаңтарда Израильмен кездеседі.
Ал А тобында Нидерланды, Италия, Франция және Словакия құрамалары сайысқа түседі.
Одан кейінгі күндерде плей-офф кезеңі өткізіледі. Олимпиадаға екі жолдама беріледі.
Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы Олимпиадада екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы - 6, 2004 жылы - 8 орын алды.