24 сәу, 2024 сағат 20:23

Су басқан елді мекендерде 405 әйел сәтті босанған - ДСМ

Фото:ТЖМ

Бүгін Орталық Коммуникациялар Қызметінде су тасқыны кезеңінде халыққа қандай медициналық көмек көрсетіліп жатқаны туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева. 


"Су тасқынынан зардап шеккен облыстардағы медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Медициналық көмектің барлық түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жедел медициналық көмек қызметтерінің, стационарлардың қабылдау пункттерінің және МСАК ұйымдарының жұмысы күшейтілді, -деп отыр ДСМ өкілі. 


Әйгерім Оразалиева берген мәліметке сүйенсек, су тасқыны басталғаннан бері эвакуациялық пункттерде барлығы 106 медициналық пункт ашылды, оның ішінде бүгінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Маңғыстау облысында Атырау облысының эвакуацияланған тұрғындары үшін 59 медициналық пост  жұмыс істеуде.

Су тасқыны басталғаннан бері медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 2100 медицина қызметкері, оның ішінде 299 дәрігер, 90 психолог тартылды. Эвакопункттерде медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсетуге 742 медицина қызметкері, оның ішінде 143 дәрігер, сондай-ақ 69 психолог тартылды.

Су тасқыны басталғаннан бері су басқан аймақтардан созылмалы аурулары бар 1360 жуық адам эвакуацияланды. Олардың әрқайсысы медицина қызметкерлерінің бақылауында, дәрі-дәрмектермен қажетті көлемде қамтамасыз етілуде.  
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 2 мыңнан астам адамға психологиялық көмек көрсетілді. 

Табиғи апаттың барлық кезеңінде су басқан елді мекендерден 422 жүкті әйел эвакуацияланды, 405 босандыру сәтті жүзеге асырылды, барлық сәбилер мен аналар патронаждық қызметтердің қамқорлығында.
Инфекциялық аурулардың туындауының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
Санэпидқызметтер сумен жабдықтау көздеріне күнделікті күшейтілген мониторинг пен бақылауды жүргізуде. Су тасқыны басталғаннан бері санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 10 мыңнан астам ауыз су сынамасын іріктеу және зерттеу жүргізілді.

Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш - орташа республикалық жылдық көрсеткіш шегінде.
Бұдан басқа, барлық эвакуациялық пункттерде зардап шеккендерді сумен қамтамасыз ету, тамақтандыру, тұру және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларын бақылау қамтамасыз етіледі, СЭС қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіледі. 
Су тасқыны басталғаннан бері эвакопункттерде 3 мыңнан астам су мен тамақ өнімдерінің сынамалары алынды. Эвакуацияланған адамдардың арасында ішек және басқа инфекциялар аурулары тіркелген жоқ.