Фото: Криминальный Казахстан
Оқиға 2 мамыр күні «Махаббат аллеясында» болған, деп хабарлайды Ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.
Бала велосипед теуіп жүрген кезде оны жасөспірімдер тоқтатып, ұрып-соғып, телефон немесе велосипедін беруді талап етіп, қорқытқан.
Бала қашып кетпек болғанда, олар қуып жетіп, велосипедтен құлатып жіберген. Салдарынан бала бордюрге басымен соғылған.
Келесі күні зардап шеккен баланы дәрігерлер тексеріп, ауыр жарақаттар анықталмағанымен, денесінде көгерулер бар екені және аяғы мен басы ауырғаны тіркелген.
Анасы полицияға жүгінген, алайда оның айтуынша, жасөспірімдердің жеке басын бірден анықтау мүмкін болмаған. Кейін олар өздері баланың үйіне келген. Учаскелік инспектормен сөйлесу барысында кінәларын мойындамаған, ал бала қорыққандықтан бастапқыда олардың сөзін растаған. Кейіннен олардың өзі екенін айтып берген.
Әйел прокуратураға жүгініп, істің толыққанды тергелуіне қол жеткізбек.
