Фото: gov.kz
2026 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 317 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Ведомство мәліметінше, анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне тиесілі.
"Қылмыстық істер аясында 226 адам күдікті деп танылған. Сонымен қатар 198 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 175-і сотқа жолданған. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 4,2 млрд теңгені құрады. ҰҚК мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
