29 мау, 2021 сағат 18:29

"Спутник V" әзірлеушісі вакцинаның үнді штамына қарсы тиімділігі төмендегенін мәлімдеді


Коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" жасаушылары вакцинаның үнді штамына қарсы тиімділігі төмендегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Гамалея орталығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Денис Логуновтың айтуынша, "Спутник V"-ның үнді штамына қарсы тиімділігі шамамен 2,6-ға аз көрсеткен.

"Біз үнді штамына, нақтырақ айтқанда "дельтаға" қатысты сарысулардың белсенділігі шамалы төмендегенін көрдік - бұл Спутник V вакцинасы бойынша шамамен 2,6-ға", - деді ол.

Алайда ол тиімділік төмендесе де "Спутник V" үнді штамынан қорғайтынын атап өтті.

"Мен тағы бір рет айтайын, 2,6-ға азайғаны - өте аз көрсеткіш, бұл әлемдегі барлық басқа вакцинаға қарағанда аз", - деді Логунов.

Ол, сонымен қатар, қорғанудың жалғыз жолы - Израиль сияқты вакциналау екенін айтты.