19 қараша күні Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Кубоктік додаға Қазақстан командасының мүшелері де қатысуда. Құрама үздігі Милад Карими еркін жаттығудан ақтық сынға өтті. Ол іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтаған. Миладтың еншісінде 14.533 ұпай бар. Ол әзірге жапониялық Казуки Минами (14.866) мен ресейлік Кирил Прокопьевке (14.666) есе жіберуде.
Гимнастикалық ат снарядында Аким Мусаев 9-шы орыннан көрінді. Акимнің әлі де финалға өтетін мүмкіндігі бар. Ал Нариман Курбанов 22-ші сатыға тұрақтап, ақтық сыннан сырт қалды. Бүгін екінші іріктеу күні өтеді. Спортшылар қоссырық, гимнастикалық керме және қол тіреп секіруден сынға түседі.