21 там, 2020 сағат 09:30

Сомали жағалауында теңіз қарақшылары Панама елінің туы ілінген кемені басып алды

Сомали жағалауында теңіз қарақшылары Панама елінің туы ілінген кемені басып алды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарулы алты қарақшының Біріккен Араб Әмірліктерінен Могадишо кемежайына бағыт алып, жолда техникалық себептермен тұрып қалған кемеге шабуыл жасағаны белгілі болды. 

Команда мүшелерінің саны мен азаматтығы белгісіз. Сомали билігі басқыншылармен байланыс орнатуға әрекеттеніп отыр.