Грузия жақтан көтерілген альпинистер тобы Солтүстік Осетия тауларында көшкіннің астында қалды. Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Республика бойынша ТЖМ ММ мәлімдеуінше, 31 тамыз күні 08:50-де Солтүстік Осетия Республикасы-Алания бойынша ТЖМ іздестіру-құтқару жасағының кезекші ауысымына куәгерден Казбек тауында альпинистердің көшкін астында қалып қойғаны туралы хабар келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша, көшкіннің астында қалған альпинистер тауға Грузия жақтан көтерілген. Олардың саны нақтыланып жатыр.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ресей ТЖМ тікұшағының келуі күтілуде.