11 қыр, 2020 сағат 13:45

«СК-Фармация» тарапы «Гриппол плюс» вакцинасының 2 млн-нан астам мөлшерін алды

«СК-Фармация» тарапы «Гриппол плюс» вакцинасының 2 миллионнан астам дозасын сатып алды. Бұл туралы Ұлттық денсаулық сақтау орталығының қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының жетекшісі Жазира Ембердиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында күзгі әрі қысқы мерзімдегі инфекциялық арулардың алдын алуға қатысты мәселе талқыланды. 

«Жал сайын тұмаудан вакцияна егу 1 қазанда басталатын. Алайда коронавирус індетіне байланысты биыл науқан екі апта бұрын басталады. 15 қыркүйектен маусымдық тұмауға қарсы екпе жасау басталады. Ол үшін алғашқы медициналық –санитарлық көмек ұйымдарында 5 мыңнан астам пункті ұйымдастырылды. Алматы, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында вакцина егу биылғы 10 қыркүйекте басталды», - деді Ж. Ембердинова. 

Оның сөзіне қарағанда, коронавирустық инфекция мен ЖРВИ маусымына дайындық аясында «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьютері «Гриппол плюс» вакцинасының 2 миллионнан астам дозасын сатып алды. Вакцинада Н1В1, Н2N2В тұмау штамдарының антигендері бар. Бұл өз кезегінде халықтың 10 пайыздан астамын қамтуға мүмкіндік береді.