Фото: Newtimes.kz
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстарға байланысты азаматтарға бірқатар елге барудан бас тартуды ұсынды. Бұл ұсыныс аймақтағы жағдай толық тұрақтанғанға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Ult.kz.
Министрлік тізіміне Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман және Сирия енді.
Сонымен қатар көптеген елдің әуе кеңістігі жабылғандықтан, сапарларды шектеу қажеттігі айтылды.
Қазақстан азаматтарына өңірде жүрген жағдайда жеке қауіпсіздік шараларын күшейту, қауіпті аймақтарға бармау, жергілікті билік нұсқауларын орындау, зымыран қаупі туындағанда баспаналарға немесе паналау орындарына шұғыл бару ұсынылады. Сондай-ақ шетелдегі елшіліктермен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушылармен тұрақты байланыста болу маңызды.
