08 нау, 2026 сағат 14:06

Жыл сайын шамамен 6 миллионға жуық әйел пойызбен сапарға шығады - ҚТЖ


Фото: ҚТЖ


Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен жыл сайын шамамен 6 млн әйел жолаушы сапарлайды, деп хабарлады Қазақстан темір жолы.


"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен жыл сайын шамамен 13,5 миллион жолаушы тасымалданады, олардың жартысына жуығын әйелдер құрайды. Орта есеппен 6 миллионға жуық әйел жолаушы еліміздің теміржол бағыттары бойынша жыл сайын сапарға шығады.


Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету — Ұлттық тасымалдаушы қызметінің басым бағыттарының бірі.


"Осы мақсатта компания пойыздарында арнайы әйелдерге арналған вагондар қарастырылған. Бүгінде мұндай вагондар 12 бағыт бойынша қатынайды", - деп жазылған хабарламада.



Компания хабарлауынша, теміржол саласында бүгінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да 3,5 мыңнан астам әйел қызметкер еңбек етеді. Олардың 1256-сы жолаушылар пойыздарының жолсерігі, ал 401-і билет кассаларында қызмет атқарады.