Орталық коммунакациялар алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке стандарттан тыс сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Баспасөз мәслихаты барысында «Неге» сайтының журналисі Серік Жолдасбай әкімнен «Даниал Кенжетайұлы, бағанадан бері өз баяндамаңыздың 80 пайызын орыс тілінде жасадыңыз. Сіз өзі Шығыс Қазақстан облысының әкімісіз бе, әлде Ресей Федерациясының бір губернаторысыз ба?» деп сұрады.
Бұл сұраққа абдырап қалған әкім былай деді.
«Өте қызық сұрақ екен. Мен Қазақстан азаматымын. Шығыс Қазақстан облысының әкімімін», - деп жауап берді.
«Сіз баяндамаңыздың 80 пайызын қазақ тілінде жасамадыңыз?» деген сұраққа Ахметов «мен сізге қазақ тілінде жауап беріп тұрмын» деді.
Осы кезде спикер мен журналистің арасына модератор түсіп, тілшіні «Серік мырза, бұл тақырыптан тыс сұрақ, сұхбатыңызда қоюыңызға болады» деп тоқтатты.