Sinopharm компаниясы әзірлеген вакцинаның артын ала Sinovac Biotech қытай фармацевтикалық корпорациясы шығарған CoronaVac вакцинасы Непалда шұғыл пайдалануға рұқсат алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Непалдың дәрі-дәрмектерді бақылау департаментінің директоры Бхарат Бхаттараи сенбіде Синьхуаға берген сұхбатында Sinovac Biotech компаниясының деректерін зерттегеннен кейін, агенттік CoronaVac вакцинасын шұғыл пайдалануға рұқсат беру туралы шешім қабылдағанын айтты.
Департаменттің коммюникесіне сәйкес, CoronaVac препараты 18 жастан асқан адамдарды иммундау үшін қолданылады.
Непалдың Денсаулық сақтау және халық министрлігінің мәліметінше, елде вакциналардың жетіспеуінен қазіргі уақытта 30 миллион халықтың тек 2 пайызы ғана екі дозада вакцина алды.