21 қаз, 2020 сағат 15:47

Синоптиктер Нұр-Сұлтанда және өзге 10 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 22 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. 

Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 күшейеді. 

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ күтіледі. 

Қызылорда облысында батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. 

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с артады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с артады. 

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғып, күші 15-20 артады.