04 мау, 2024 сағат 16:51

Синоптиктер "Қазақстанда аптап ыстық болады" деген болжамға пікір білдірді


WhatsApp-та әлемде дәл 40 күн бойы ауа температурасы Цельсий бойынша 50 градусқа дейін көтерілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Мұндай ауытқушылықтар әр 60 жыл сайын болып тұрады екен. "Қазгидромет" бұл мәліметті жоққа шығарды. Stopfake синоптиктердің пікірін берді.


Синоптиктер ең алдымен хабарламада қолданылған терминологияға назар аударған. «Мысық күндері» деген термин метеорологияда да, климатологияда да қолданылмайды. 

"Сондай-ақ хабарламада нақты ауа температурасының 50 градусқа дейін көтерілетіні болжанып отырған аймақтар көрсетілмеген. Бір уақытта Жердің барлық континентінде мұндай жағдайдың орын алуы екіталай. Мұндай күмәнді пікірлер хабарламаның фейк екендігінің белгісі. Уақыт пен географиялық белгілердің болмауынан оны кез келген жерде және кез келген уақытта таратуға болады", - делінген мақалада.


Онда тіпті бір айға арналған болжам 70% ықтималдықпен орындалатынын атап өтілген. Мессенджерлерде 60 жылда бір рет болатын аномалияға байланысты температураның күрт көтерілуі туралы ақпарат жалған дейді. Өйткені "әлемнің ешбір елінде синоптиктер бір маусымға болжам жасамайды".

Алайда, "Қазгидромет" қазақстандықтарды қатты ыстық күтіп тұрғанын жоққа шығармайды. Мысалы, Түркістан облысында температура 40 градусқа дейін көтеріледі, бірақ оңтүстік өңір үшін бұл қалыпты жағдай.