«Қазгидромет» РМК 19 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз ауа температурасы 18-20 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 35 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Желдің күші күндіз 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.
Павлодар облысында жаңбыр, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 20-21 мамырда тұман болады. 19-21 мамырда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 25 м/с жетеді. Күндіз 19-20 мамырда ауа температурасы 12-20 градус жылыға дейін күрт төмендеуі мүмкін. Түнде 20-21 мамырда кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі.
Күндіз Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
19 мамырда күндіз, 20 мамырда тәулік бойы Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 21 мамыр күні жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал, тұман болжанады. 19-20 мамырда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 19-20 мамырда желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 20 мамырда ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Түнде 21 мамырда кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.
19 мамырда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында жаңбыр, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 19-20 мамырда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 20-21 мамырда кей жерлерде тұман болады. 19-20 мамырда желдің жылдамдығы 25 м/с артады. Күндіз 19-20 мамырда ауа температурасы 12-20 градусқа дейін, түнде 20-21 мамырда 2 градусқа дейін төмендейді.