27 қаң, 2021 сағат 17:07

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, 28-29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 28 қаңтарда күндіз, 29 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с артады. 

28-29 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

28 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

28 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. 

28 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с артады. 

28 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с жетуі ықтимал.