«Қазгидромет» РМК 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алдағы күндері елімізде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыған циклонның жылжуына байланысты жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі.
Синоптиктердің болжауынша, 12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20м/с болады деп күтіледі.
Петропавл қаласында күндіз көктайғақ болып, тұман түседі. Соққан желдің жылдамдығы 15-20м/с жетеді.
Сондай-ақ, сейсенбі күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.