29 қаз, 2019 сағат 06:37

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.

"Қазан айы аяқталған соң, күн де салқындайды. Атлантикадан жылы және ылғал ауаны әкелген батыстық тропосфералық ағымдар солтүстік-батысқа қарай ауыса бастайды", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондықтан қазан айының соңғы күндері Қазақстанда батыс, солтүстік облыстарда жаңбырдың арты қарға ұласады. Бұған қоса, температура климаттық нормаға дейін төмендейді.

Дабылды ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады.

29 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз және түнде басым бөлікте 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жел күшейеді. Ал Көкшетау қаласында ертең оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

29 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, түнде кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Қостанай қаласында да күші 15-20 м/с жел соғады.

Ертең Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде оның екпіні 15-20 және 25 м/с жетеді. Өскемен мен Семей қалаларында күші 15-20 м/с жел тұруы ықтимал.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында, Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, оның күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді деп күтілуде.

Ірі қалалардағы ауа райы

29 қазан астанада күн ашық болады. Түнде ауа температурасы +10, күндіз +13 градус. Алматыда күн ашық, түнде +11, күндіз +16 градус. Шымкентте күн жылы, түнде +9 градус болса, күндіз ауа температурасы +22 градусқа дейін көтеріледі.

30 қазанда елордада күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +7, күндіз +14 градусқа дейін жоғарылайды. Алматыда күн ашық, түнде ауа температурасы +9, күндіз +16 градусқа дейін жоғарылайды. Шымкентте жаңбыр жауады, түнде +10 градус, күндіз +15 градус.

31 қазанда Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты, ауа температурасы түнде +5, күндіз +11 градус. Алматыда күн ашық, ауа температурасы түнде +13, күндіз +18 градус болады. Шымкентте күн жауын-шашынды болады, түнде +15, күндіз +21 градус нөлден жоғары.