25 сәу, 2018 сағат 10:36

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 26-28 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын тоқтайды.

"Қазақстан аумағы арқылы ауа райын екпінді өзгерте отырып үлкен жылдамдықпен циклондар және антициклондар жылжып келеді. Алдағы тәуліктерде республиканың басым облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашын қысқа уақытқа тоқтауы күтіледі. Қазақстанның батысына қарай кезекті атмосфералық фронттар жақындап қалды. Олардың шығысқа қарай жылжуына байланысты, республиканың солтүстік жартысында басымырақ, жауын-шашын және жел күшейеді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.