23 қаз, 2020 сағат 17:33

Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 24 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с артады. 

Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), әлсіз көктайғақ болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 18 м/с күшейеді. 

Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 

Қостанай облысының күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман болжанады. Түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 25 м/с жетеді.