13 там, 2020 сағат 16:25

Синоптиктер 8 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 14 тамыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды қаласында найзағай, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады. 

Ақтөбе облысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді. 

Ақтөбе қаласында найзағай болжанады. 

Ақмола облысының кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ болжанады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Орал қаласындасондай-ақ найзағай, 18 м/с екпінде жел күтіледі.