Ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 12-13 тамыз күндері Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с артады. Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында найзағай, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 18 м/с күшейеді.
12 тамызда Ақмола облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты нөсер күтіледі. Жекелеген аумақтарда найзағай, дауыл, бұршақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады. Найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найғазай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.
Өскемен қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Семей қаласында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерде найзағай болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 18 м/с жетеді.
Қостанай қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.