«Қазгидромет» РМК 17 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші жекелеген аумақтарда 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.
17-19 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с артады. 17 қарашада күндіз, 18-19 қарашада тәулік бойы желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жел батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші 15-20 м/с артады.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.