27 қаңтардағы метеорологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанның 12 қаласында атмосфераның ластануы байқалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 31 қаңтарда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Қызылорда, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында байқалады.
Атырау атмосферасында аздаған ластаушы заттар жиналуы мүмкін. Сондай-ақ Ақтау, Қостанай, Орал қалаларында атмосфераға ластаушы заттар таралады, дейді Қазгидрометтегілер.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.