27 қаз, 2020 сағат 15:14

Шыңжанда 4,75 миллионға жуық тұрғын коронавирусқа тексерілді

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Қашғар округінде (ШҰАА) төрт күн ішінде коронавирусқа шамамен 4,75 млн тест жасалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қытайдың Орталық телевидениесіне (ССTV) сілтеме жасап.

«Жергілікті уақыт бойынша 17.00-дегі деректерге сәйкес, Қашғар округінің тұрғындарын тестілеу аяқталды. Барлығы 4 746 500 адам коронавирусқа тест тапсырды, оның 183-інде COVID-19 инфекциясы расталды, қалған нәтижелер теріс» делінген CCTV хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Қашғар округінің Шуфу уезінде коронавирусты жұқтырудың бір асимптоматикалық жағдайы анықталғаннан кейін ШҰАА билігі шамамен 4,75 миллион адам тұратын Қашғар округінің барлық тұрғынын сынақтан өткізу жөнінде шешім қабылдаған болатын.