Шыңғыс хан – моңғол емес, ол - моғол. Яғни түркі–қыпшақ. Мұны орыс және әлем ғалымдары жазып келеді.
Поскреби русского – и найдешь татарина» - дейді А.С. Пушкин. Орыстың ұлы ақыны бұл сөзді әрине, қазіргі Кама бойындағы татарларға қаратып айтпаған. Бұлар көне заманнан Булгар жұрты болып есептеледі. Кезінде, татарлар - деп славян елдері ұлы даладағы көшпелі қыпшақ тайпаларын атаған. Қазіргі татарлар, XIX ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап, көне атауының орнына, татарлар деп аталып келеді. Бұл атаудың осы жұртқа қалай ауысқан себебін, кейінгі бір мақаламызға арқау етерміз.
Сонымен, Ұлы даланың әлем мойындаған ұлы тұлғасы - Шыңғыс хан туралы не білеміз?
Өз уақытында бүкіл Дешті–Қыпшақ даласының алмас қылыштай жарқылдаған ру-тайпаларының басын қосып, ашса - алақанында, жұмса - жұдырығында ұстаған әрі Аспан асты империясын бағындырып, Орталық Азияның және көптеген елдердің тізесін бүктірген Шыңғыс хан туралы қаншама ғасыр айтылып та, жазылып та келеді.
Дегенмен қай ұлттың өкілі екенін осы уақытқа дейін тап басып әлі ешкім айтқан жоқ. Тек, қытай тілімен «мон-голл» (орыс және еуропа ғалымдарының жазуынша бұл атау «малшылар немесе бақташылар» деген ұғымды білдіреді екен, осыған орай, олар өздерін талай ғасырдан бері қалыптасқан осы сөзге байланысты «мұңғұл» деп атайды) атанған буряттардан шыққан дейді. Сол қытайлар кезінде қалмақтарды да «жуун-гар» (қарақшы адамдар) деп атаған. Осы арада айтарымыз, қытайдың «мон-голл» және «жуун–гар» сөздерінің түп-төркінін өзге ел ғалымдары болмаса, дәп біздің ғалымдарымыздың осы күнге дейін түбегейлі зерттеп, салыстырып, әлем ғалымдары секілді халықаралық деңгейге шығардыма, естіген де, оқыған да емеспіз. Тек қана қазақы оймен тұспалдап, мешеу қалған Моңғолияның ғалымдары осылай жазыпты деп, ескі дағдымен жаза беру, қазіргі дамыған заманға мүлде сай келмейді. Барлығын салыстырмалы түрде қарап, оқып, әлемдік зерттеу еңбектерінде қалай деп, не деп жазылғанын зерттеп, үңіліп, сонан соң ғана қорытынды жасағанымыз дұрыс шығар.
Шыңғыс хан шынында сол қазіргі уақытта мұңғол атанып отырған буряттардан шыққан ба? Мұны зерттеу мүмкіндігі мол қазіргі орыс және дүниежүзі ғалымдары жоққа шығарып отыр. Біріншіден, Шыңғыс ханға байланысты оқиғалардың түгелі – оның жастық шағы, өсуі, хан тағына келуі және императорлық дәрежеге жетуі, міне осылардың барлығы қазіргі Қазақстан аумағында болған оқиғалар деп жазылуда. Сондай-ақ, «мон-голл» атанған буряттар өте аз ел. Олар алып Қытай тұрмақ, ормандай қалың түркі қыпшақтарына да (яғни, қазіргі қазақтарға) шамасы келмес еді дейді. Сонымен қатар, Моңғолия қыпшақ жерінен алыс, бір қиырда жатқан кішкентай жұрт («крошечное население», академик А. Федотов). Осылардың барлығын оқып, салыстыруға, зерттеп, зерделеп көруге мойнымыз жар бермеген біз ғана ескі сүрлеумен жүріп келеміз. «Ымды білмеген – дымды білмейді» немесе «Көрмес – түйені де көрмес» деген емес пе?! Осы тақырыпқа жазылған әлемдік зерттеу жұмыстарын оқымай, қарамай және ізденбей, тек қана қазақы ой-пікірмен ғана жүріп, өтірікке құрылған тарихты малданып әлі келеміз. Әлемдік және Еуропалық, тіпті қасымыздағы Ресейлік ғалымдардың зерттеу өркениетіне жете қоймаған, Монғол ғалымдарының тар түсінікте, өздерінің дәстүрінде болмаған, тарихында кездеспеген, көрші шүршіт елінің жымысқы саясатының арқасында, өтірікті шындай соғып жазғандарына сеніп жүрген біз де кереметпіз-ау. Ал енді, осы Шыңғыс хан тақырыбына жазған өзге елдің жазушылары мен ғалымдарының жұмыстарын оқып, тындап көрейік. Сонымен, В.Кожиновтың «Правда против кривды» деп аталатын зерттеу кітабын алайық, онда былай дейді; «Написал «Алтан тобчи» вроде бы ученый лама Лубсан Данзан. Кстати, а почему именно Лубсан Данзан считается и автором «Алтан тобчи»? Да исключительно оттого, что историкам больше некого оказалось привлечь. Оглянувшись и поскребя по сусекам, они вспомнили, что в конце XVII – начале XVIII века жил и творил лама Лубсан Данзан, писатель и переводчик. Значит, он и написал. Почему? А потому, что некому больше. Вы не поверите, вы будете смеяться, но примерно так и излагается...
И наконец, самое существенное. «Алтан тобчи» - вовсе не историческая хроника времен Чингисхана. Большей частью это – чисто лаамистские сочинения более позднего времени: рассказ о возникновении человека, о происхождении индийских и тибетских царей, о тех или иных буддистских догматах. О самом Чингисхане, его походах и совершениях сказано гораздо меньше, да и подход весьма своеобразен...
В большенстве случаев летописцы упоминают только названия завоеванных стран. Сведения о военных походах для летописцев XVII в. уже были утеряны.
Не забудьте: нам старательно впаривают, что очень долго именно в Монголии существовал стольный град наследников Чингисхана Каракорум, не только административный, но и культурный центр, где жило много ученых книжников. Как же так получилось, что обладавшие таким культурным центром монголы ухитрились начисто забыть подробности завоеваний Чингисхана, сохранив лишь «названия завоеванных стран»?
Все мгновенно становится на свои места, если вернуться к тому, что Чингисхан никакой не монгол, а кипчак. Скудость монгольских сведений о нем получает простое и логичное объяснение: поскольку монголы не принимали никакого участия в свершениях Чингисхана, то и сведения о них имели самые общие».
Ғалымның зерттеу кітабында тағы бір мынандай жолдар бар: «…Алтун-хан (Алтын хан) послал против мятежников войско. Чингисхан это войско моментально расколошматил в хвост и в гриву, так что Алтун – хан бежал в Индию с остатками войск приближенных, бросив страну на произвол судьбы. Естественно, Чингисхан со сподвижниками перенял бразды правления, а также занял тот самый город Хара – Баласагун в долине реки Чу, который позже станет на роль мифического Каракорума», - дейді. Көрдіңізбе, қаншалықты дәлдікпен жазылғанын.
Сондай-ақ, кезінде Кеңестер Одағы Орталық Комитетінің бас хатшысы болған М.С. Горбачевтың тұсында, осы орталық комитетте идиологиялық хатшы болған Медведев Вадим Андреевичтің жазған еңбектерінде мынандай жолдар бар екен. Шамамыз келгенше мұны қазақшаға аударып көрсеттік. - «Өз уақытында біздің тарихшы ғалымдарымыздың ұсынысымен, «Алтын Орда» империясының негізін қалаған – қыпшақ-қайсақтардың және олардың атышулы тарихын, сонау бұрынғы үш жарым ғасырлық орыс империясының тұсындағыдай етіп, кеңестік идиологияға сәйкестендіріп, өзгерту керек болған. Осыған орай, Кеңес Одағының жақын досы және Қазақстанның дәл іргесінде жатқан Моңғолияның «Моңғол» атауын алып, Алтын Орда империясын құрушы әрі орнатушы етіп көрсетілген. Бұл маған дейінгі ұйымдастырылып және қалыптастырылған істер екен. Осылайша, Орта Азия халықтарының тарихына біраз өзгерістер кіргізілді. Бұл Октябрь революциясынан кейінгі Кеңес Одағының ұстанып отырған саясатына орай істелінген», - дейді. Медведев В.А. «Испытание историей» кітабынан. Осылайша, біздің ата тарихымызды өзімізден ажыратып «Үш қайнасада сорпасы қосылмайтын», мүлде бөгде елге саясатқа орай алып берген. Ал, осы ұлы тарихты қайтарып алуға қазіргі қазақ билігінің және қазақ зиялы қауымының дәрмені жетеме, әлде солтүстіктегі көршімізден сескеніп, өз тарихымыздан қаша беремізбе?! Билігіміздің саясатына қарасақ, олардың шыныменде жасқаншақ екендігі көрініп тұр.
Сонымен қатар, тағыда кей бір ғылыми зерттеу еңбектерден нақтырақ болсын деп, мына сөйлемдерді орыс тілінен аударып бердік:
«Аудармада «Шыңғыс хан» атауының өзі «Мұхит хан» дегенді білдіреді. Мұндай сөз моңғолдарда қайдан болсын? Тек Каспий мен Қара теңізді, Атлант мұхитын көрген түркілер ғана өз билеушісіне осындай есім бере алады…
Жалпы, Шыңғыс ханның өмірбаянын Қытай мен Моңғолиядан емес, батыстан іздеу керек. Бірінші кезекте мен Андрей Лызловтың «Скиф тарихына» жүгіндім. Лызловта Шыңғыс хан туралы ақпарат аз, бірақ Қытай «ертегілеріне» қарағанда әлдеқайда нақты. Әрине, Лызловта «моңғолдар» жоқ, тек татарлар ғана айтылады. «Еділ ордасы (Қыпшақ ордасы) деп аталатын татарлар Еділ өзенінің бойында, Каспий теңізіне дейін өмір сүреді». Міне, Шыңғыс хан осы Еділ ордасынан шыққан. Ол туралы Лызлов былай деп жазады: «Жесірдің ұлы ер жетіп, Еділ ордасын көбейтті, ұлы даланы бағындырды». Көріп отырғаныңыздай, моңғолдар мүлдем аталмайды. Түркілер – бір кездері Еділ мен Каспийге қоныс аударған қыпшақ халқы.
Хорезмдік дін қызметкері Ән-Насивидің кітабынан да осындай деректерді атап өтуге болады. Өйткені ол – Шыңғыс ханның замандасы және тәуелсіз куәгер. Басқа шығармалардың авторлары Шыңғыс ханның қызметінде болды, сондықтан олардан ақиқат күту қиын. Ән-Насиви де «моңғолдарды» байқамайды. Шыңғыс хан халқы – түркілер, нақтырақ айтқанда қыпшақтар және оның өзі де моңғол емес, түркі-қыпшақ. Ал моңғолдар деп аталатын халық – буряттар, Шыңғыс хан империясынан бірнеше мың шақырым жердегі кішкентай халық».
Қазіргі моңғолдар – қалқалық буряттар. Олар ресейлік орхон буряттарымен тұтас халық болып есептеледі. Олар – бір тілде сөйлейтін, бір дәстүрдегі және будда дініндегі адамдар. Ұлттық киімдері де бірдей. Оны орыс зерттеушілері осылай деп жазып, көрсетіп келеді. Біртұтас жұрт болғанымен, орыстар шекара түсіргенде екіге бөлініп қалған. Астаналары Улан-Батор біздің тілде «Қызыл батыр» деген түсінік берсе, одан жүз шақырымдай алыс тұратын Улан-Удэнің қазақшасы «Қызыл сұнқар» деп аударылады. Ерінбей ізденіп оқыған адамға барлығы зерттеу кітаптарында нақты жазылып тұр. Осыларды біздің ғалымдар сондай-ақ, қазақ оқырмандары неге тауып оқымайтындығына қайран қаламыз?! Қарапайым сөзбен айтсақ, ресейлік Осетия мен грузиялық Осетия секілді екіге бөлініп қалған. Моңғолия (буряттар) – өте кішкентай ел. Орыстардың зерттеуінде олар осыдан мың жыл бұрын саны бірнеше мыңға әрең жететін жұрт болған. Сондықтан, олардың империя құрып, Қытай секілді алып мемлекетті жаулап алуы 100 пайызға дұрыс емес, - дейді орыс ғалымдары. Олар шындықты жазып отыр. Енді сол жазушы және ғалымдарды тағыда сөйлетейік:
«Жалайыр, найман, меркіт, қият, қоңырат, керей, арғын – Шыңғысханның «моңғол» руларын тізбелеу кезінде айтылатын рулар – бұл қазіргі қазақ рулары! Моңғолдарда мұндай тайпалар болған емес және оларға еш қатысы жоқ.
Сондай-ақ, жаңа ханды сайлаудың «ежелгі моңғол» дәстүрі моңғолдарда болмаған, тіпті, «хан сайлау» дәстүрін оларды зерттеп қарағанымызда табалмадық. Ал енді, қазақтардың XIX ғасырдың соңына дейін сақталған әдет-ғұрпында бұл сақталған: кандидат көпшілік дауысын алған соң ақ киізге отырғызылып, үш рет көтеріледі, жұрт «Хан! Хан! Хан!» деп қатты айғайлайды. Содан кейін киіз кішкентай бөліктерге жыртылып, қатысушыларға таратылады. Түркі-қыпшақ тілінде бұл салт «Хан көтеру» деп аталады. Моңғол тарихында мұндай дәстүр жоқ және болған да емес.
Шыңғысхан моңғол емес, қыпшақ. Оған бағынған халық та – түркі-қыпшақтар. Шыңғыс ханның моңғол екені тек «Құпия аңыз» бен «Алтан тобчи» кітаптарында айтылады. Олар Шыңғыс ханнан кейін бірнеше ғасыр өткен соң пайда болған кітаптар…»
Бұл деректер мына еңбектерден алынып отыр (Александр Бушков – «Чингисхан. Неизвестная Азия» және «Скифская история» Андрея Лызлова)
Сонымен қатар, көрнекті жазушы және танымал зерттеуші ғалым Р.Храпачевскийдің «Военная держава Чингисхана» - атты зерттеу кітапында, мынандай жолдар бар:
...Собственно монгольская письменность сложилась только в XVII веке. Так что никаких «современных Чингисхану» монгольских летописей в природе не существует. Есть на свете два варианта «древней монгольской истории» : «Сокровенное сказание» и «Алтан тобчи». Давайте присмотримся…
«Сокровенное сказание» (представляющее собой лишь часть книги «Алтан тобчи»), или, на китайский манер, «Юань-чао биши», объявилось только в девятнадцатом столетии. В 1841 году китайский ученый Чжан Му составил сборник редких старинных сочинений и легенд о кочевых племенах кипчаков Великой степи , затем в 1848 году напечатал его – и это- то печатное издание и попало в руки к знаменитому китаеведу Палладию Кафарову, привезшему его в Россию.
Никаких оригиналов «Сокровенного сказания», никаких более-менее старых рукописей обнаружить так и не удалось. Самая «древняя» рукопись относится опять- таки к первой трети девятнадцатого столетия…
Сондай-ақ, кітаптың тағы бір жерінде былай дейді. Мұныда сол күйінде аудармай орыс тілінде келтірдік:
«...Одним словом, мы вплотную подошли к простому, чуть ли не примитивному вопросу: а кто у нас к XIII веку в Азии обладал опытом государственного строительства, создания профессиональной армии, управленческого аппарата, организации больших масс людей на военные или «народнохозяйственные» проекты?
Ответ и искать не нужно, он лежит на поверхности.
Конечно же, кипчаки. Имевшие за плечами многовековой опыт каганатов, опыт государственности, эль (ел). Богатейший опыт!
Насколько с точки зрения реальной экономики, военной истории, техники и политики самым что ни на есть сомнительнейшим кандидатом на роль объединителей Великой Степи предстают монголы, настолько же подходящим – кипчаки».
Көрдіңізбе, олар анық-қанығын зерттеп қалай жазған! Біздің ғалымдарымыз бен жазушыларымыз осылай нақты үңіліп, салыстырып және зерттеп жазса ғой, қазақы оймен, ескі, жалған жолмен жүре бермей. Әйтпесе, «Алтын топшыны» («Алтан тобчи») жазған Тибеттік лама Лубсан Данзанның (XVII-ші ғасыр мен XVIII-ші ғасыр аралығында) «Моғол» сөзін «Монғол» - деп өзгертіп, ойдан көп нәрсені қосып жазған сандырағына сенуге болама? Және ол Ұлы далада көшіп жүретін қыпшақ тайпаларының аңыздарын жинап, оны ішінара көп өзгертіп шығарма етіп жазған.
Сонымен, осы ғылыми зерттеу еңбегін одан әрі оқиық:
« -Перед нами, таким образом, никакой не монгол, а обычный кипчак. Знатный представитель старинного рода, не гонявшего скот по степям, а имевшего тот самый многовековой опыт государственного строительства. Наследник эль (ел), былых каганатов. У такого человека, естественно, есть откуда взяться опыту создания армии, государства, писаных законов. И экономические возможности имеются – во всех каганатах были свои «промышленные центры». Для кипчака Чингисхана создание нового государства было не каким-то экзотическим экспериментом, а делом самым что ни на есть обычным, которым на протяжении долгих столетий занимались его предки». Зерттеу жұмысында осылай, ап-анық жазылған. Біздің ғалымдарымыз осылай терең зерттеп, салыстырмалы түрде жазса дейсің. Қазіргі монғол аталған бір уыс халық буряттардың ұлт ретіндегі жүріп өткен жолындағы тарихында кездеспейтін мұндай ұлы оқиғаларды соларға тели бермей. Әйтпесе, қытайдың жымысқы саясатымен құрылған тарихтың жалған екендігін түсінетін уақыт жетті емес пе.
Сонымен қатар, Д.Уэзерфордтың «Чингисхан и рождение современного мира» деген кітабында, әлем таныған Шыңғыс хан туралы мынандай жолдар бар: «Чингисхан» и «Темуджин» - совершенно не монгольские имена, а тюрко-кипчакские.
В народном киргизском эпосе «Манас» а также в казахских эпосах «Алпамыс батыр», «Кобланды батыр», «Ертаргын» и другие, что называется… в упор не видят никакой такой «великой монгольской империи». Согласно этим эпосам, у средневековых кипчаков было только два серьезных противника, с которыми они постоянно боролись на этих территориях: это китайцы и кочевые племена калмыков, как раз и обитавших тогда в районе современной Монголии. Современные монголы – это лесные населения, появившиеся на этой земле только несколько веков спустя», - дейді. Енді, осыларды оқып отырып не деуге болады?! Қазіргі Моңғол атанып отырған, кезінде орманнан шыққан буряттар, осы өңірге кейіннен бірнеше ғасыр өткен соң ғана келген адамдар. Негізінде, бұл өңірде өз уақытында қоңыраттар мен наймандар, жалайырлар мен керейлер және тағы басқа қазақ тайпалары қалмақтармен және қытайлармен жағаласып тіршілік кешкен.
Сонымен қатар, америкалық зерттеуші ғалым Хилда Хуккем Әмір Темір туралы жазған зерттеу кітабында: «...Темірлан империясы да, ата-бабасы Шыңғыс хан мен оның құрған империясы да ежелгі қыпшақ тілінде сөйлейтін» дейді.
Енді түсінікті болу үшін таратып жазайық. Өзбектер мен ұйғырлар түркі халықтарының құрамына кіргенімен олар қарлұқ тайпасына жатады. Түрікмендер, түріктер, әзірбайжандар оғыз тайпасы болып есептеледі. Бұлар да – түркілер. Қазақтар қыпшақ тайпасына жатады.
Сонда Әмір Темір мен Шыңғыс хан империясы қай тайпаның құрған қағанаттары? Әрине, қазақтардікі болып шығады. Мұны Хилда Хуккем тайға таңба басқандай етіп жазған.
Ал енді, біздің қазаққа осының бәрін түсінуге, тарихи шындықты қалпына келтіруге ізденісі, санасы мен білімі және күрескерлігі жетіспейді!
Яғни, дәлірек айтқанда, Шыңғыс хан және оның империясы біздің тарих, ешқандай моңғол-буряттың емес! Осыны түсінетін уақыт жеткен секілді.
Әрбір империяның соңында оның ізі қалады. Ал енді, өз уақытында «Моңғол», - деп аталған империяның соңыныда, кезінде оның құрамында болған елдерде қазіргі моңғолдың қандай ізі бар?! Олардың бізде қалған тілі барма немесе олардан бізге ауысқан дәстүрі, салт-санасы барма?! Тіпті, өзге жұрттарға жұққан баламалық музыкалық құралдары да жоқ. Шыңғыс хан империясы тұтасымен түркі-қыпшақтардың қағанаты болғандықтан, азияның көптеген елдерінде түркі-қыпшақтардың тілі, дәстүрі, фольклорлық эпостары және музыкалық құрал-аспаптары қазіргі күнге дейін сақталған. Қазақтың және түркі елдерінің (Өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркмендер тағы басқа) мыңдаған жылдардан келе жатқан ауыз әдебиетінде, эпостарында «моңғол» деген сөзді қай кезде кездестіріп едіңіз?! Сондай сөзді бір ретте болса да оқыдыңызба! Тек «Қият» деп аталатын қыпшақ тайпасының атауын ғана кездестіресіз. Бұл тайпаның құрамына қазіргі көптеген қазақ рулары кіреді. Нақтырақ айтсақ біріктірілген құрақ деуге болады. Егер оқымасаңыз, өзін біржарым ғасыр тәуелділікте ұстағанын намыс көріп, бірнеше ғасырдан кейін, қытай саясатының ұйғарымымен, олардың ғалымдары мен белсенділері әдейі ұйымдастырып, Шыңғыс ханды өздерінің сеніміндегі (дініндегі) адамға жатқызып, өз ұлтының бір тармағына жақындатып жазғанына сенуге болама?! Әттең, біздің билікте жүрген кейбір азаматтардың қорқақтығы мен тарихи сауатсыздығы (Қытай мен Ресейден соншалықты неге қорқатындығын түсінбейміз. Әлде тәуелсіздігімізге нұқсан келеді деп ойлайма немесе инвестиция келмей қалады деп күдіктенеме? Шөкімдей монғол атанған буряттар Қытайдан неге қорықпайды, біз неге соншалықты сескенеміз?!) Шыңғыс хан және Алтын Орда империясын толық қанды қазақ елінің еншісіне алып бере алмай отыр. Кейбіреулер Шыңғыс ханды шартарап елдері Монғолияға беріп қойды деп ойлап жүрген болар. Мүлде олай емес. Қайта әлем ғалымдары мен жазушылары атақты ханды түбегейлі зерттеп, ешқандай монғол емес, ол түркі – қыпшақтан шыққан ұлы тұлға деп қаншама зерттеу еңбектерінде жазып келеді. Соны біздің ғалымдарымыз оқымайма, әлде ізденбейме, түсініксіз. Мүмкін қазақтар өздерінен қызғанатын шығар. Тұтастыққа дағдыланбаған, итегін басып жүргізбейтін, сөзі қисық елміз ғой. Мешеу қалған монғол ғалымдарының қытайдың құйтұрқы саясатына орай, жалған жазған өтіріктеріне сене бермейік!
Бейсенғазы Ұлықбек
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі