19 сәу, 2020 сағат 22:15

Шымкенттің 5 тұрғыны «COVID-19» инфекциясын жұқтырған

Ауру жұқтырғандар - 1963, 1967, 1985, 1989, 1994 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Осыған орай, екі ошақ анықталған: «Самал-2» шағын ауданындағы Балғын көшесі және «Тассай» тұрғын үй алабындағы Жаңақұрылыс аумағы. 

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.