#
#
Сенбі 23/01/2021

Шымкентте жоғалған 12 жасар қыз Алматыға бара жатқан автобустан табылды

  • 29.11.2020
  • 0
  • 303

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жоғалған 12 жасар қызды Тараздан тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

26 қараша күні «102» сымтетігіне жергілікті азаматша хабарласып, бір күн алдын жасөспірім қызының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. 

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздеу шараларына кіріседі. 

Көпбалалы отбасыдан шыққан оқушы сол күні «Алаш» базарына барып, қайта үйіне оралмаған. Іздестіру жұмысына кіріскен тәртіп сақшылары қызды Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде кетіп бара жатқан сәтінде, Тараз қаласынан тапқан. 

Абай ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Орынбек Өмірзақ анасы мен қызын аман-есен қауыштырып, Шымкент қаласына жеткізген. 

Қазір жасөспіріммен психолог маман профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр. Өз кезегінде қыздың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар