#
#
Сенбі 11/07/2020

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан келіншек дені сау сәби босанды

  • 01.06.2020
  • 0
  • 212

Шымкентте коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Қалалық перзентхананың білікті мамандарынан құралған топ жүкті әйелді жұқпалы аурулар ауруханасының базасында кесір тілігі арқылы босандырып алған, деп хабарлайды Қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

24 жастағы әйел салмағы 3500 грам қыз босанған. Анадан балаға инфекция берілмес үшін дәрігерлер сақтық шараларын күшейткен.

Босанғаннан кейін жаңа туған нәрестеден барлық қажетті сынама алынып, COVID-19 тесті теріс нәтиже көрсеткен. Дені сау сәби бірден қалалық перзентханадағы арнайы дайындалған жеке палатаға ауыстырылған.

Жаңа туған сәбиді перзентхана қызметкерлері тәулік бойы бақылауға алып, барынша күтім жасап жатыр.

Ал, коранавирус инфекциясына шалдыққан анасы жұқпалы аурулар ауруханасында емін жалғастыруда.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар