17 сәу, 2020 сағат 13:37

Шымкентте коронавирус жұқтырған бір отбасының 9 мүшесі жазылып, үйіне шығарылды

Шымкентте коронавируске шалдыққан бір отбасынан 9 мүшесі жазылып, үйіне шығарылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгул Бекбауова мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айгул Бекбауованың айтуынша, қауіпті індеттен сауыққан отбасы мүшелерінің арасында екі бала болған. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетіп, дәрігерлері денсаулықтары жақсы деген қортындыға келді. Яғни, науқастар медициналық қызметкерлердің уақтылы көмек көрсетуінің арқасында жазылып шыққан. Осыған байланысты қаладағы Тайманов, Төреқұлов пен Мақталы көшелері карантиннен шығарылды.