20 сәу, 2020 сағат 10:48

Шымкентте коронавирус жұқтырған 9 адамның барлығы - қала тұрғындары

Шымкентте коронавирус жұқтырған 9 адамның барлығы қала тұрғындары. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, ауру жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. 

«ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. 

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. 

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкентте қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 80 адам, 12 адам аурудан құлан-таза айығып кетті.