Бүгін сағат 09:30-дағы мәліметтер бойынша Шымкент қаласында 6 адамның коронавирус жұқтырғаны мәлім болды.
«Коронавирусты жұқтырған 6 азаматтар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы барлығында нақтыланды.Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде»,-делінген ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы таратқан ақпаратта.
Сондай-аұ онда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынғаны хабарланған. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында қауіпті инфекцияны жұқтырған 139 адам бар.