Шымкентте «COVID-19» инфекциясын тағы 11 азаматтың жұқтырғаны анықталды. Дертке шалдыққандар бұған дейін коронавирус инфекциясына шалдыққан 1966 жылы туған науқаспен қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық төтенше жағдай штабының соңғы мәліметінше, үшінші мегаполисте қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 103 адамға жеткен.
«Коронавирусты қаланың 1983 ж., 1987 ж., 1990 ж., 1988 ж., 1973 ж., 1993 ж., 1994 ж .,1997 ж.,1976 ж., 1995 жылы туған тұрғындары жұқтырған. Оның сегізі ер кісі болса, екеуі әйел. Ал, бір науқас 1984 жылы туған науқас ЖРВИ-мен ауырып, жедел жәрдем қызметімен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлық науқастардан «COVID-19» диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда олардың жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді» делінген хабарламада.