18 мам, 2020 сағат 07:00

Шымкентте бір тәулікте 60 адам коронавирус жұқтырған

Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді, – деп хабарлайды қалалық төтенше жағдай штабы.

COVID-19 диагнозы нақтыланғандардың 58-і - вирус жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Тағы бір адам Атырау облысынан келген.

Сондай-ақ, жедел респираторлы вирусты инфекция белгілерімен ауруханаға жатқызылған науқастың да қауіпті індет жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.

«Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде» делінген хабарламада.

Айта кетейік, қала бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 404 адамға жеткен.