20 мам, 2020 сағат 11:25

Шымкентте бір тәулікте 50 адамнан коронавирус табылған

Шымкентте 50 тұрғыннан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Оның ішінде 24 науқас вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық төтенше жағдай штабының мәліметінше, індет жұқтырғандардың 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Ал, қалған 21-інен вирус скрининг нәтижесінде анықталған. Бүгінде COVID-19 диагнозы расталған тұрғындардың барлығы инфекциялық стационарда ем алуда. 

«Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жасалды» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, соңғы тәуліктегі мәлімет бойынша қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 485 адамға жетті.