05 жел, 2020 сағат 12:38

Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» соқты

Шымкентте бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті «КамАЗ» келіп соққан. Салдарынан 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні сағат шамамен 18:30-да Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында болған. 

Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол рульге ие бола алмай қалған.

«Тәуке хан даңғылының бойында жол белгілерінің барлығы орнатылған. Сызбалары сызылып, жол тегістелген. Сондықтан бұл жерде жол-көлік оқиғасын тудыратын ешқандай себеп жоқ», - дейді қалалық ПД Жергілікті полиция басқармасының бастығы Мұхтар Бұхарбаев.

Қазіргі таңда «КамАЗ» жүргізушісіне тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.