9 маусымда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 адам тіркелген, деп хабарланды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасында.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 6 әйел адам, 5 ер адам және 3 кішкентай баладан анықталды. Олардың 5-уі вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 6-уы ЖРВИ диагнозымен стационарға жатқызылған, 2-і алғашқы медициналық жедел көмекке ЖРВИ белгілерімен жүгінген, 1-і стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген», делінген хабарламада.
Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.
Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған 992 адам анықталған, олардың ішінде 443-і жазылып шыққан.