Шымкент қаласында COVID-19 бар 1 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды.
Қазақстан Республикасында барлығы 43 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды:
Алматы қаласында -11,
Нұр-Сұлтан қаласында - 12,
Шымкент қаласында - 5,
Карағанды облысы - 6,
Ақтөбе қаласында -1,
Түркестан обласы-1,
Атырау облысында - 4,
ШҚО-1,
Маңғыстау облысы - 1,
Павлодар облысы - 1.