09 шіл, 2021 сағат 17:52

Шымкент тұрғыны әнұранды Миланның орталығында орындады – видео



Шымкент тұрғыны Темірлан Бейсенбай Милан қаласының басты алаңында Қазақстанның әнұранын пианинода орындап шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Қазіргі кезде Темірлан Бейсенбай Зальцбург (Австрия) қаласындағы Моцартеум университетінде оқып жүр. Туған жері – Шымкент. Бірақ Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.


Жас жігіт әнұранның өңделген нұсқасын орындауды бұрыннан армандап жүргенін айтты. Қоғамның қалай қабылдайтынын білмей, қатты алаңдапты. Видеоның астында жазылған пікірлерге қарағанда қазақстандықтарға әнұранның кавер-нұсқасы ұнаған.


"Тамаша! Кавер өте ұнады. Жалпы біздің әнұранымыз ерекше естіледі ғой", - дейді желі қолданушылары.