#
#
Дүйсенбі 21/09/2020

Шымбұлақ, Алтай Альпілері мен Нұртау – ТМД-ның үздік курорттары

  • 20.01.2020
  • 0
  • 326

ТМД елдерінің үздік тау-шаңғылы курорттарының рейтингін жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТурСтат порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінде, ТМД елдеріндегі үздік тау-шаңғылы курорттары Қазақстан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан мен Арменияда орналасқан.

«Туристер жиі баратын тау-шаңғылы курорттардың алғашқы үздік ондығына Қазақстандағы тау-шаңғылы курорттары Шымбұлақ, Алтай Альпілері мен Нұртау, Беларусьтегі Логойск пен Силичи, Әзербайжандағы Шахдаг пен Туфандаг, Армениядағы Цахкадзор, Қырғыз Республикасындағы Қаракөл, Өзбекстандағы Шымған кіреді», - делінген хабарламада.

ТОП10 кірген Шымбұлақ Алматы, ал Алтай Альпілері мен Нұртау тау-шаңғылы курорттары Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар