02 қыр, 2020 сағат 11:10

Шығыс Қытай теңізінде кеме апат дабылын жіберді

Қазіргі кезде Жапониядан оңтүстік-батысқа қарай, Шығыс Қытай теңізінде жүзіп жүрген Панама елінің кемесі көмекке шақыру дабылын жіберді. Бұл туралы NHK телеарнасы.

Оның мәліметінше, кеме Кагосима префектурасының құрамына кіретін шалғайдағы Амами аралдарынан батысқа қарай 185 шақырым жерде жүзіп өткен. Оның бортында 43 адам бар. 

Kyodo агенттігінің мәліметінше, кемеде Филиппин елінің 39 азаматы, Жаңа Зеландиядан екі азамат, Австрияның бір азаматы және Сингапурдың бір азаматы бар. 14 тамызда кеме Жаңа Зеландия кемежайынан шығып, Қытайға қарай жүзген. 

Жапонияның жағалаудағы күзет қызметі кеменің апатқа ұшырауы ықтимал аумаққа өз кемелері мен тікұшақтарын жіберді.